Жаңалықтар

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының рөлін арттыру: балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

Бала құқықтарын қорғау-мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы жылдары еліміздегі балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сурет: ulan.kazgazeta.kz

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заң балаларды қорғаудағы маңызды қадам болып табылады. Заңда балалардың құқықтарының бұзылуын анықтауды, жедел ден қоюды, жазалауды және көмек көрсетуді қоса алғанда, балалық шақты қорғаудың тұтас құрылымын қалыптастырады.

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі заң жүзінде бекітілген. Уәкілдің біздің облыстағы өңірлік өкілі болып Киселева Ирина Болеславовна тағайындалды, оған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген. Балалардың құқықтары бұзуы бойынша әрбір жағдайды уәкіл жеке бақылауында ұстайды, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық байланысын үйлестіреді. Облыс әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

Отбасы,  әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық,  ұйымдастырушылық, психологиялық көмек функцияларын орындайтын «111» байланыс орталығының қызметі заң жүзінде бекітілді.

Облыстың барлық мектептерінде «111» байланыс орталығының плакаттары мен QR-кодтары орналастырылған, әрбір білім беру ұйымының жеке QR-коды бар. Осы код арқылы балалар да, ата-аналар да байланыс орталығына жүгіне алады.

Өскелең ұрпақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім басқармасының жанынан «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ашылды. Бұл балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға, ата-аналарға консультациялық көмек көрсетуге, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Заңмен білім беру ұйымдарының функциялары кеңейтілді. Енді ұйымдардың барлық қызметкерлері, тек педагогтар ғана емес, құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері туралы хабарлауға міндетті.

Кәмелетке толмағанды қудалау (буллинг, кибербуллинг) үшін жауапкершілік белгіленді, бұл ескертуге немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қоғамдық көліктен балаларды мәжбүрлеп түсіруге тыйым салу маңызды түзету болып табылады, бұл әрекет үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Алғаш рет заңмен бес мың балаға кемінде бір маман арақатынасында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының штат санының нормативі айқындалды. Балалардың құқықтарын қорғау функцияларын қорғаншылық және қамқоршылық органдарының 41 маманы жүзеге асырады.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының санын арттыру балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуын бақылауды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар мен отбасыларды уақтылы анықтауға және оларға атаулы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) орналастырудың баламалы нысандары да дамытылуда. Заңда жетім балалардың отбасылық құрылымының жаңа нысаны-интернаттық мекемелерге балама болып табылатын баланы қабылдайтын кәсіби отбасы енгізілді. Бұл отбасыларға интернат мекемесін айналып өтіп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жіберіледі. Бұл отбасылардың негізгі міндеті-қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды туған отбасыларына қайтаруға, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыруға ықпал ету.

Бұл шаралар балаларды қорғау жүйесін сапалы жақсартуға және әр балаға уақтылы көмек көрсетуге ықпал етеді.

Алма КАНТАРБАЕВА,

Облыстық білім басқармасының Балалардың құқығын қорғау,

қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button