Руханият

Он жастағы жазушы

10 жастағы қарағандылық Платон Нечаев «Тереңнен шыққан от», «Қараған туралы аңыз» және «Олимпиадалық арманға апарар жол» кітаптарына авторлық құқық алды. Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасында жас оқырмандарды кітабымен таныстырды. Автордың шығармаларының сюжетіне Қарағанды, ерекше кейіпкерлер мен фантастикалық элементтер арқау болған.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Жас жазушының қаламынан зұлым рухтармен күресіп, достарымен бірге туған жерге деген шынайы әрі адал достық, сүйіспеншілік керемет игіліктер сыйлайтынын дәлелдеген кішкентай және батыл шопан – Аппақ туралы әңгімелер бар. Одан бөлек, кітапта сиқырлы ағаштар адамдарға қала салуға көмектеседі. Ал, барыстар мен протезі бар ақбөкен өздерінің олимпиадалық арманына ұмтылады.

Платон өз шығармаларының иллюстрацияларын жасанды интеллект арқылы жасайды.

– Менің кітаптарым Аппақ Байжанов, қараған ағашы және Олимпиада ойындары туралы. Олардың ішіндегі ең үлкені – «Олимпиадалық арманға апарар жол». Мұнда 60-тан астам бет және 50-ге жуық иллюстрация бар. Бірінші кітапты анам дайындауға көмектесті, қалғандарын өзім жасап шықтым. Мәтіндерді өзім жаздым. Болашақта Қазақстанның әр саласы туралы осындай кітаптар жазғым келеді. Бірақ, алдымен тарихты зерттеу керек, – дейді автор.

«Тереңнен шыққан от» және «Қараған туралы аңыз» қазақ тіліне аударылды, «Олимпиадалық арманға апарар жол» кітабын аудару жұмыстары жүргізілуде. Кітаптар, француз тіліне де аударылады.

Туған өлке тарихын сүйетін жас жазушы осы жылдың тамызында Астана мен Парижде кітаптардың тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Француздар баланы кездесуге бекер шақырған жоқ. Биыл олар жазғы Олимпиада ойындарын өткізеді, ал, Платонның кітаптарының бірі осы үлкен жарысқа арналған.

Салтанат ІЛИЯШ,
ҚАРАҒАНДЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button