Он томдық антологияның тұсауы кесілді

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында 2022 жылы Алматы қаласында жарық көрген он томдық балалар әдебиеті антологиясының тұсауы кесілді.

Кеш қонағы – ақын, антологияны құрастырушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Байбота Қошым-Ноғай.

Кешке жергілікті қаламгерлер, студенттер, мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты.

Еркін форматта өткен тұсаукесер кешінде іс-шара қонағы Байбота Серікбайұлы жас оқырмандармен емен-жарқын сырласты. Антологияның жарыққа шығуы, оған енген авторлар мен шығармалар туралы айтты.

Толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы сандарынан оқисыздар.

Жәлел ШАЛҚАР,

Оrtalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.