Жаңалықтар

Он бағыт – халыққа оң бағыт

              Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын отандастарымыз зор қуанышпен қабылдады. Бұл Жолдау халқымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне» бейімделуі мен жетістікке жетуі жолындағы ұтымды он бағытын айқындап берді.

Бірінші: Индустрияландыруда жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу. Бұл салада жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, инновациялық сипатқа ие болу, технологиялардың трансфертін ынталандыру, өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру пилоттық жобасын іске асыру, инновациялық орталықтарды дамыту.

Екінші бағытта: Ресурстық  әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында ақпараттық-технологиялық платформаларды енгізу, энергия үнемдеу, баламалы энергия үлесін 30%-ға жеткізу көзделуде. Тұрмыстың қатты қалдықтарын утилизациялауға және қайта өңдеуге назар аударып, «Экологиялық кодекске» өзгерістер енгізу.

Үшінші бағыт: Ақылды технологияларды пайдалану. Аграрлық ғылымды дамыту, Қазақстанда жасалған табиғи азық-түлік брендін қалыптастыру, тиімсіз субсидияларды және банк несиелерін арзандату, агроөнеркәсіптегі еңбек өнімділігін және өнделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру.

Төртінші бағыт:  Көлік-логистика инфрақұрылымын тиімді пайдалану, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу, инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттілігін, автожолдардың жергілікті желісін жөндеу және қайта салуға арналған қаржының көлемін көбейтуге, сондай-ақ, бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз етуді талап етеді.

Бесінші бағыт: Құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, сапалы, экологиялық таза және энергиялық тиімді материалдарды пайдалана отырып, ауылды, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 100 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастыру керектігін айқындайды.

Алтыншы бағытта: Қаржы секторын қайта жаңғыруға, экономикалық жауапкершілікке, ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз етуге, қор нарығының дамуына басты назар аударылды.

Жетінші бағытта:  Адами капитал  – жаңғыру негізгі болғандықтан,  білім берудің жаңа сапасын, орта білім беру саласында жаңа мазмұнға көшуге, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуге талап қойылған. Балалар технопарктері мен бизнес -инкубаторлар желісін құру, ғылыми -зерттеу саласында және өндірістік -технологиялық ортаға жас ұрпақты ұтымды түрде кірістіріп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруді басты назарға алу жүктелді. Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту, «Баршаға тегін техникалық-кәсіптік білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру. Жоғары білім беру саласында жоғары оқу орны ғылымын дамыту, академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыда бекіту.

Мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту – «Рухани жаңғырудың» маңызы екендігіне назар аударылған.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт қалыптастыруға аурудың алдын алу, созылмалы, онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге басты назар аударылды.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құрып, еңбек нарығын тиімді ету,  адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға тіркеу үдерістерін мейлінше жеңілдету, әлеуметтік сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тәртіптерін жаңарту көзделген.

Зейнетақы, жәрдемақы үш есеге көбейтілді,  ұстаздардың жалақысы 30% көбейтілу жоспарлануда.

Сегізінші бағытта: Тиімді мемлекеттік басқару жүйесінде атқарылатын істерге тоқталып, барлық басқару құрылымдары жұмыстарын талапқа сай атқаруға, мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеуді факторлық – балдық шкалаға негізделген құрылымдық нысандардың басқару тетігін қорғау мәселесіне назар аударылған.

Тоғызыншы бағытта: Жемқорлықпен күрес және Заңның үстемдігі барысындағы жұмыстар өз жалғасын табатындығы айтылды. Бұл салада интелектуалды жүйелерді енгізіп,  жұмыстың нәтижелілігін арттыру қажеттілігі айтылған.

Оныншы бағытта: Қазақстан халқы үшін «Ақылды қалалар», «Ақылды ұлт» бағдарламаларының тиімділігі және өңірлік дамудың эталонына айналуына Астана қаласының 20 жылдағы жеткен жетістіктері, Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы кепіл болуда.

Халқымыз Елбасы ұстанған салиқалы саясат нәтижесінде мемлекетіміз дамыған 30 елдің қатарына қосыларына бек сенімді. Сондықтан, еліміздің жеткен жетістігін саралап, алда тұрған мақсаттарға бағыт-бағдар беріп отырған Елбасыға ризашылығымыз шексіз!

Ғ.ЖАРЫЛҒАПОВ,

облыстық мәслихат депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button