Спорт

Ойын тағдырын өзгерткен жалғыз шайба

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясында сырт алаңда «Құлагер» клубымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін жерлестер «Ақтөбе» клубымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Суреттер: «Құлагер» хк клубының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жерлестер қарқынынан жаңылмай бірінші айналымда өздері есеп ашты. 8-ші минутта Егор Кузьменко гол авторы атанды.

Араға екі минут салып, алаң қожайындары таразы басын теңестірді. Виталий Шульганың қақпаға бағыттаған шайбасын Артем Мукушин тосып ала алмады.

Десе де жерлестер екінші айналымда шайба салып, есепте алға шықты. Бұл жолы көзге түскен шабуылшы Евгений Григоренко.

Осылайша, жерлестердің соңғы салған шайбасы жеңіске алып келді. Үшінші айналымда ешқандай нәтиже тіркелмеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button