Ресми

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында – жаңа басшы

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды ​​облысының спорт басқармасын басқарады.  

Сурет instagram.com/serik_sapiyev

Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.

41 жастағы Серік Сәпиев – экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды. Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтың кандидатурасын да келісті.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button