АймақЖаңалықтар

Облыстың әділет департаментінің мамандары тұрғындарға тегін кеңес берді

Бүгін Қарағанды облысы Әділет департаментінің мамандары халыққа құқықтық және заңгерлік көмек көрсету шеңберінде тұрғындарды қабылдады. Бұл туралы аталған мекеменің әлеуметтік желісінде жарияланды.

 

 

Департаменттің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің маманы Ксения Гущина және «Сот актілерін орындау жөніндегі Шет ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы Майра Мұхаметжанова тұрғындардың құқық саласындағы сұрақтарына жауап беріп, кеңестерін берді.

Сондай-ақ, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Д.Байтұрсынов пен И.Толстов департамент мамандарымен бірлесіп, келушілердің құқық саласындағы проблемалық мәселелеріне қатысты толық жауап берді.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button