Бас тақырыпРесми

Облыс мешіттерінде су тасқынына байланысты бір мезетте дұға жасалды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен Қарағанды өкілдігі мен жамағаты бір мезетте су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады.

«Бір мезетте бір дұға»  атты игі бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты бір мезетте алақан жайып:

 – Уа, Алла Тағала!  Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр!

Уа, Алла! Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында тасқын судан жапа шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр,- деп дұға етті.

Сондай-ақ,  қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Сондай-ақ,  қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Игі шара барысында облыс бас имамы жиналған жамағатқа осындай сын сағатта басына сынақ түскен халыққа жәрдем берудің маңызын тілге тиек етті.

Қасиетті Рамазан айында жасалған жақсылықтың сауабын айтып, барынша жұмыла жәрдем беруге шақырды.

Естеріңізге ала кетейік, қазіргі уақытта Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттер қолдан келген көмектерін көрсетуде. Мешіт жандарынан жамағаттан арнайы еріктілер тобы жасақталып, су апаты болып жатқан аймақтарға қажетті жабдықтар мен азық-түліктер жиналуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button