Ресми

Облыс әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ермағанбет Қабдулаұлы еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы «Бизнес-Информ» ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.
2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған
2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы «Сарыарқа», «Алматы» және «Есіл» аудандарының әкімі болды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет істеді.

Басқа материалдар

Back to top button