Бас тақырып

Облыс әкімі мен мәслихат төрағасының құттықтауы

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Сурет: sputnik.kz сайтынан

Бұл отбасылық мерекені біз отбасымызбен, жақын адамдарымыздың ортасында қарсы аламыз. Осы күні біз өткен жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құрамыз.

Өтіп бара жатқан жыл оқиғаларға толы болды. Биыл біз аймағымызды тұрақты дамытуды жалғастыра отырып, өндіріс саласына инвестиция тартып, құрылыс қарқынын арттырып, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының көптеп салынуын қамтамасыз еттік. Айта кету керек, біздің облыстың жетістіктерінде өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, кәсібилік танытқан әр тұрғынның еңбегі бар.

Біз алдағы 2024 жылы да алға қойған мақсаттарды орындай отырып, еліміздің гүлденуі жолында қажетті жұмыстардың барлығын атқаратын боламыз.

Құрметті жерлестер!

Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз нығайып, гүлдене берсін! Жаңа 2024 жыл әр үйге бақ-береке, өркендеу алып келсін.

Жаңа жылдарыңызбен!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button