Жаңалықтар

Облыс әкімі Дүйсен Қасейіновті мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағандының құрметті азаматы Дүйсен Қасеиновты 75 жылдығымен құттықтады. Ол кіші отанына «Достарым – менің байлығым» музыкалық фестивалін өткізу үшін келді.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Дүйсен Қасейінов көрнекті өнер қайраткері, педагог қана емес, сонымен қатар дарынды дипломат, мәдениетті жақындастыратын адам екенін атап өтті.

– Еліміздің мәдениетін дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Қарағандыда сіз еңбек жолыңызды бастап, өңіріміздің мәдениетін дамытуға баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің арқаңызда біздің әртістер Америкада, Қытайда, Ресейде, Германияда, Францияда, Италияда, Иранда, Иракта гастрольдік сапармен бола алды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Дүйсен Қасейінов – профессор, скрипкашы. 2003–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігін басқарды. Оның есімімен «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалі байланысты. Ол Қарағандыда 20 жылдан астам уақыт өтуде.

«Достарым – менің байлығым» музыкалық мерекесі де халықаралық мәртебеге ие. Биылғы жылы өнер сүйер қауымның алдында Әзербайжан, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан солистері өнер көрсетеді. Оларды Еркеғали Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестр сүйемелдейтін болады.

– «Достарым – менің байлығым» фестивалінің ерекшелігі – көрермендер алдында біздің еліміз бен халқымызды шын жүректен құрметтейтін барлық жақын достарым өнер көрсетеді. Қай жерде болсам да, не істесем де, Қарағанды әрқашан менің жүрегімде. Мен мұнда жыл сайын балалық шағымдағы достарыммен, сыныптастарыммен, туыстарыммен кездесуге келемін. Мен мұнда жерлестеріме деген үлкен сүйіспеншіліктен фестивальдар өткіземін, – дейді Дүйсен Қасейінов.

Мерейтой иесі туралы достары да жылы сөздер айтты. Олардың пікірінше, Дүйсен Қасейінов – өнердің шекарасын жоятын адам.

– Мен Дүйсен Қорабайұлын 15 жылдан бері білемін. Біз онымен фестивальде кездейсоқ таныстық. Ол өнердің нағыз білгірі. Қай жерде болмасын, ол әрқашан өз елін керемет сипаттайды. Осы кісінің арқасында біз Қарағандыға, қарағандылық әріптестерімізге ғашық болдық. Олар өз өнерінің сарбаздары. Елді білу үшін оның өнерін білу керек деп бекер айтылмаған, – дейді Әзербайжанның еңбек сіңірген әртісі Роза Зергерли.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button