Облыс әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамымен облыс тұрғындарын құттықтады. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Достар, сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл күн өзара достық, даму мен бейбітшілік жолын таңдаған халқымыздың даналығының жарқын символы! Біздің көкбайрағымыз бен төлқұжатымыз барлығымызды Қазақстан деп аталатын ұлан-ғайыр елдің азаматтары ретінде бір шаңырақтың астында біріктіріп тұр.
Баршаңызға бейбітшілік, өркендеу және амандық тілеймін. Мереке құтты болсын!-делінген аймақ басшысының құттықтауында.