АймақБас тақырыпҚарағанды
Облыс аумағында экологиялық сенбіліктер жалғасуда
Елімізде 8 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Акцияның үшінші аптасы 22-27 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» тақырыбында көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстарына арналады.

Бүгін акция аясында Осакаров ауданы Есіл ауылының тұрғындары ағаштар отырғызды.
Сондай-ақ Бұқар жырау ауданының тұрғындары акцияны қолдай отырып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Республикалық экологиялық акция апталығын Саран қаласының тұрғындары да қолдап, аулаларына көшеттер отырғызды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz