АймақҚарағанды

Облыс аудандарында жаңа заманауи ФАП-тар пайдалануға берілді

Қарағанды облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша он төрт заманауи ФАП ашылды. Қазіргі заманғы фельдшерлік-акушерлік пункттер Шет ауданы Жұмыскер, Ақшатау, Төменгі Қайрақты, Көктінкөл, Бұрма, Киікті және Босаға, Бұқар жырау ауданы Новоузенка және Қарақұдық, Ақтөбе ауылдарында, Ақжол, Татан, Томар Қарқаралы ауданы, Ақтоғай ауданы Ақжарық ауылдарында пайда болды. Биыл тағы 27 жаңа ФАП салу жоспарда бар.

Суреттер: ауыл әкімдіктерінен

Светлана Кисапова – Қарақұдық ауылының ФАП медбикесі. Көп жылдардан бері ол әріптестерімен бірге пациенттерді ыңғайсыз шағын жалға алынған бөлмеде қабылдап келген. Жалғыз бөлмеде салқын болды, қарапайым жағдай да болмады.

– Біз үшін бұл көптен күткен оқиға. Жаңа ФАП – кең, жарық, жылы. Барлық жағдайлар жасалған. Процедуралық, егу, тексеру кабинеттері жабдықталған, жиһаз және жабдық жаңартылған. Мұндай фельдшерлік-акушерлік пунктте жұмыс істей бергің келеді. Біз 600-ден астам адамға қызмет көрсетеміз. Мұнда пациенттер анализ тапсырып, кеңес ала алады, – дейді Светлана Кисапова.

Бұған дейін Қарағанды облысында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Бұқар жырау ауданы Қызылжар және Қызылқайың, Байтуған және Заречное-Нұра, Юбилейное – Абай және Озерное – Осакаров ауылдарында ФАП салынды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Қарағанды облысында алдағы жылдары тағы 78 нысан салынады.

– Оның 27-сі-фельдшерлік-акушерлік пункттер, олар жобалардың мемлекеттік сараптамасынан өтті. Жақын арада мердігерлер анықталатын болады. ФАП типтік жоба бойынша салынып, осы жылдың соңына дейін ашылады, – деп атап өтті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маман-құрылысшысы Ақылтай Сәметаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button