Медицина

Оқыту – тәжірибе жинау мүмкіндігі

Облыстық клиникалық аурухананың №1 және №2 перинаталдық орталықтарында семнар өтті. Перинаталдық стационардағы инфекциялық бақылау тақырыбындағы оқыту шарасына акушер-гинеколог, эпидемиолог, анестезиолог-реаниматолог мамандар, медбикелер қатысты.

Екі күнге созылған семнарды Қазақстан медициналық университетінің жоғары санатты дәрігер акушер-гинекологы Жұпар Наханова жүргізді.

– Экстрагенитальды патологияны, қарқынды терапия блогындағы науқастарға күтім жасау жолдарын, емдеу ісіндегі жаңашылдықтарды үйретудеміз. Перинаталдық орталықтарда көбінесе қан кету, перитонит, сепсис жағдайлары кездеседі. Олар жүктіліктің асқынуына алып келіп, әйел адамның денсаулығына қауіп төндіреді. Екі-үш жыл бұрын Қарағанды облысында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің өлімі көп еді. Қазір азайған. Жалпы, еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда Қарағанды облысының дәрігерлерінің жұмысы өте жақсы жолға қойылған. Мұнда мамандар үнемі біліктілігін арттырып отырады, – дейді Жұпар Кәрібекқызы.

Инфекциялық аурулардың себебі, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамаудан болады.

Балқаш қаласы көпбейінді ауруханасының анестезиолог-реаниматологы Жасұлан Шынарбектің айтуынша, мұндай семинар жас мамандарға қажет.

– Анестезиолог-реаниматолог ретінде жұмыс істеп жатқаныма бір жол болды. Ауыр жағдайдағы науқастар көп түседі. Мұнда айтылғандарды тәжірибеде қолдануға болады. Инфекциялық асқынуларға қарсы қолданылатын әдістер барлық мамандарға керек деп ойлаймын, – дейді ол.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button