Жаңалықтар

Қоңырат қоқыстан тазартылды

Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова жұмыс сапарымен Қоңырат шағын ауданына барып қайтты. Сапар барысында ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты.

 

Қоңыраттағы Степная көшесіндегі алаңқайда біраз жылдан бері қоқыс қалдықтары жиналып қалған болатын. Бүгінге дейін тазалық жұмыстары жүргізілмеген жерге «Сарықазына» ЖШС демеушілігімен аталған жер қоқыс қалдықтарынан толық тазартылған болатын. Одан бөлек, аудандағы бұдан да басқа қоқыс үйінділері аталған компания қызметкерлерінің көмегімен тазартылмақ.

 

Сонымен қатар, аудандағы саябақ та толық қоқыстан тазартылуда. Әрі жұмыскерлер де тартылған. Қазір олар арам шөп жұлып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

 

Денешынықтыру сауықтыру кешенінің жұмыскерлерінің көмегімен шағынаудандағы 7 аялдаманың 5-уі боялды. Бұдан бөлек, балалар дәне спорт алаңдарын қалыпқа келтіру жұмыстары да қолға алынған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button