Жаңалықтар

Оқушылардың әскери бөлімдегі бір күні

Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімде оқушылар үшін «ашық есік күні» өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға Қарағандыдағы №10 жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қуатты әскердің тыныс-тіршілігімен танысып, қару-жарақ түрлерін көзбен көрді. Әрі әскери саланың білікті қызметкерлерімен кездесіп, көкейдегі сұрақтарын қойды.

– Қазіргі таңда жастарды әскери қызметке дайындау көкейкесті мәселе екені белгілі. Себебі, болашақтың тізгінін ұстайтын жас патриот бәрін білгені дұрыс. Кейбір оқушылар ұрыс қаруын алғаш рет қолға алғандықтарын жасырмайды. Болашақ Отан қорғаушыларды бүгінгі іс-шараға әкелген мектеп басшылығына алғысым шексіз, – деді, 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Тазабеков.

Мұндай шара мектеп оқушылары үшін жиі өткізіліп тұратынын баса айтты әскери қызметкерлер. Ал, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтыншаш Айтқұлова:

– Әскери сала мамандарына тек биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз. Ұйқымызды күзетіп, бізді қонаққа шақырып, қару түрлерімен таныстырып жатқан қазақ армиясының ұландары жасай берсін, – деп ізгі тілегін арнады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button