Қаражал

Оқушылар жаурамайтын болды

Қаражалдағы оқу ошақтарының ең байырғысы №1 қазақ орта мектебі шәкірттерін білім нәрімен өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері сусындатып келеді. Сан ұрпақ өкілдерін қанаттандырып, қалың елдің алғаусыз алғысына бөленген білім ордасының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, ғимараттың оқушыларға қолайлы болуы жайын қарастыру көкейде көптен бері жүрген жайт еді.

Мектептегі өзекті мәселелердің ең негізгілері қала әкімі Тілектес Досаевтың тікелей араласуымен оңтайлы әрі жедел шешімін тапты. Нақтылай түссек, оқушылар сақылдаған сары аязда сырттағы дәретханаға бару азабынан құтылды. Қала басшысының жанашыр әрекеті арқасында мектеп ғимаратының әр қабатында дәретханалар жасақталып, пайдалануға берілді. Бұдан тысқары, білім-тәрбие беру ошағының төңірегі талап­қа сай жарықтандырылып, мектептің алдына оқушыларға арналған жабық үлгідегі аялдама орнатылды.

Ақиқатын айтсақ, ызғарлы күз айлары мен қақаған қыс маусымында балаларының денсаулығына нұқсан келмеуіне қатты алаңдап, желден пана болар қалқаны бар аялдаманы армандап жүрген ата-аналарға бұл жаңалықтар айтарлықтай мерейлі қуаныш болды.

«Дені сау ұрпақ – денсаулығы мықты ұлт» тұжырымына тиянақты ісімен қолдау көрсеткен қала әкімі Тілектес Досаевқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл шағын жазба – іскер азаматқа риясыз ризашылығын білдіруші ата-аналар қауымының ортақ пейілінің айғағы.

Дәркеш ҚОҒАБАЕВА.

ҚАРАЖАЛ қаласы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button