Жаңалықтар

Оқу ордасында журналист Қуандық Шамақайұлын еске алу бұрышы ашылды

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, қоғам қайраткері Қуандық Шамақайұлының есімін ұлықтау мақсатында еске алу бұрышы ашылды. Айтулы іс-шара Қарағанды университеті журналистика кафедрасының құрылғанына 30 жыл толу құрметіне арналды.

Қуандық Шамақайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда Моңғолияда дүниеге келген. 1983 жылы Моңғол мемлекеттік университетін “Журналистика” мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын “Ардын эрх” және “Ил товчоо” газеттерінде бастаған.

Іс-шараға Қуандық Шамахайұлының асыл жары Айша Құрманғали және қарындасы Сайра Шамахай арнайы қатысты. 

ҚарУ журналистика факультетінің құрылуына қатысып, кейіннен сабақ берген. Сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қаржы академиясының студенттеріне сабақ берді. Көптеген оқулықтар мен монографиялар жазды, 200-ге жуық ғылыми мақалалар шығарды.

Журналистика кафедрасында еске алу бұрышының ашылуы кезінде Қуандық Шамақайұлы туралы естеліктер жинағының тұсаукесері өтті. Оның құрастырушысы – журналистің жұбайы Айша Құрманғали.

– Ол журналистиканың теориясы мен практикасын теңестірген жан-жақты ғалым және жазушы болды. Қуандық Шамақайұлы оқытушы ретінде ғылыми мақалалар мен монографиялар жазып қана қоймай, өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғап, өз пікірін айтудан қорықпады. Еліміздегі Қазақстан Республикасының “Ақпарат саласының үздігі” және “Мәдениет қайраткері” төсбелгілерімен марапатталған алғашқы журналистердің бірі болған. Ол өз халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Жинақта замандастарының, достары мен студенттерінің Қуандық Шамақайұлы туралы естеліктері жинақталған, – дейді Айша Құрманғали.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button