Жаңалықтар

Оқу-әдістемелік жиыны өткізілді

Ақпанның 23-24-і аралығында «Орталық» өңірлік қолбасшылығында 4 өңір қолбасшыларының және тікелей бағынысты әскери бөлім командирлерінің тыл жөніндегі орынбасарларының оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Сурет:автордан

Жиынды ҰҰ Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов басқарып келді. Құраманың тыл маманы өз сөзінде әрбір өңірге 2021 мен 2022 жылға шолу жасап, әр әскери бөлімнің мүмкіндігіне тоқтала түсті.

– Бұл шара әскеріміздегі тыл қызметінің жағдайына шолу жасап, мамандар арасында пікір алмасып, бәрімізге тән еліміздің әскерін өз қызметіміз жайлы жақсарту мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда тыл қызметі жылдан жылға ілгері басуда, мүмкіндіктер шектеулі кезден, мүмкіндікті жүзеге асыру ғасырына өтудеміз, әрине өзара іс-қимыл органдарымен жұмысқа жұмылып, ілгері ұмтылу өзіміздің қолымызда, – деді тыл қызметінің Бас басқармасының бастығы полковник Самат Арғынбаев.

Екі күндік әдістемелік жиын теориялық сабақпен 6505 әскери бөлімінің аумағында басталды. Әскердің әл-аухатын жақсарту, қызметтің жайлы өтілуіне мүмкіндіктері жасау сұрақтары, оған Бас әскери полиция қызметі, жергілікті төтенше жағдай департаменті, әкімшілік тарапынан қонақтар шақырылып қызметке қатысты сұрақтар қозғалды.

24 ақпанда сардарлар өңірдің әскери бөлімдері жедел мақсаттағы 5451 әскери бөлімі мен айдауылдау қызметі 6505 әскери құрамасының тыныс-тіршілігімен танысты. Аралау барысында әскерилермен практикалық сабақтар өткізіліп, сарбаздар жататын жатын-жай, монша, қару-жарақ, жаңар-жағармай, киім-кешек сияқты қоймалардың сақталуы, іштегі ұйымдастырылатын жұмысы жайлы сөз қозғалды.

Арнайы әдістемелік жиынның қорытындысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Карлаг» мұражайын аралаумен жалғасты.

Жалпы іс-шара барысында әрбір маманға алдағы уақытқа тапсырмалар қойылып, ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button