Жаңалықтар

Оң рөлді көлік иелері құжаттарын заңдастыра алмай жүр

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік нөмір таққан автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталған. Содан бері біршама уақыт өткенімен, оң рөлді көлік тізгіндеген жандар құжаттарын заңдастыра алмай жүр. Тіркеуге берген алғашқы өтініштері қабылданбаған. Әрі себебі де түсіндірілмепті. Осы мәселенің мәнісін түсінбеген Астана мен Алматы қаласының тұрғындары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында жиналып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды  Оrtalyq.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: exk.kz

Мәселен, Алматыда дәл осындай себеппен 50-ге жуық адам жиналған. Жиналғандардың кейбірі «Мемлекет көлікті Ресейдегі есептен шығаруды алып тастасын» дейді. Сонымен қатар, көліктің бұған дейін тіркеуде тұрған елдегі кепіл мәселесін шешуді де талап етіп отыр. «Осы мәселелердің бәрін жауапты мамандармет бетпе-бет кездесіп, нақты түсініктеме алмағанымызша осы жерден тарамаймыз» дейді жиналған жұрт.

Деректерге сүйенсек, ҚР ІІМ 2023 жылғы 17 ақпанда 73 748 азаматтың көлігі тексеруден өтіпті. Оның ішінде, 32 002 көлік заңдастырылып, мемлекеттік нөмір берілген.

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру кезінде утилизациялық алым талап етілмейді. Көлік иелері тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды. Бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button