Қоғамдық қор ашылды
Қарағандыда белгілі кеншілер мен металлургтердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қоры пайда болды. Оны Серік Ақылбай басқарады.
Қор зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін қорғауға көмектеспекші. Кәсіпорын қызметкерлері арнайы сайтқа шағымдарын қалдырып, қордан тегін заңгерлік көмек ала алады.
– «Qaraqar» қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ете алмағаны және облыс тұрғындарының денсаулығына кері әсер ететін шығарындылардың зияны үшін Arcelor компаниясын жауапкершілікке тартуды алдына мақсат етіп қойды, – деді «Qaraqar» қоғамдық қорының басшысы Серік Ақылбай.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz