Қоғам үшін қауіпті дерт
Біздің мемлекетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарттарын жасауға мүмкіндік беретін әрекеттерді кезең-кезеңімен қабылдап келеді.
Бүгінгі күні елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қатаң жауапкершілік қарастырылды. Жаңа қылмыстық заңның енгізілуіне байланысты Қылмыстық кодекстің баптарында пара алу және пара беру, парақорлыққа делдал болу секілді кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бас бостандығына балама жаза ретінде заңсыз алынған сыйақы сомасына еселік мөлшердегі айлық есептік көрсеткішпен белгіленген айыппұл жазасы қарастырылғанын атап өткен жөн. Бұл аса қауіпті жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің күшейтілгенін көрсетеді. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша сот тәжірибесі қалыптасып үлгерді және мұндай қылмыстар үшін айыппұл жазасы тағайындалады.
Өркениеттің даму қарқынын тежеп, мықты қалыптасқан елдердің өзін күйрететін, адамзаттың аса қатерлі жауының бірі-сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың түп-тамыры тым тереңде жатыр.
«Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы бағдарламасында мемлекет дамуының 7 басым бағыты көрсетілген. Онда ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің халыққа қызмет етуі өте жинақы және ұтымды болуы тиіс. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің әлемдік стандарттарына сай келетін тиімді механизмдер мен институттарды мақсатты түрде және кезең-кезеңімен қолға алып келеді.
Барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, әлде де сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу қажет. Осы мәселеге қатысты іс шараларды ашық, жариялы түрде жүзеге асыруға міндетіміз. Егер Қазақстан азаматы қасында жүрген қызметкерге дұрыс жол сілтеп, жасап жүрген қылығы дұрыс емес екенін сыпайы түрде жеткізіп, адамдар бір-біріне жаны ашып, келешегіне қауіп төніп тұрғанын, тек қана өзін ойламай, ата-аналарын, бауырларын, жанұясын қорғау үшін дұрыс жолмен жүргенін қалайтынын айтып жеткізіп отырса, қасындағы адам ойланар, мүмкін айтқанын тыңдап, мұндай жолға түспеуі мүмкін болар еді.
Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес-қылмыскерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
Е.ҰШБАЕВ,
аудандық соттың судьясы.
ШЕТ ауданы.