Жаңалықтар

Қоғам пікірі маңызды

Ұлттық сенім кеңесінің құрылуы мен оның құра­ мында ұлт мүддесін ойлайтын тұлғалардың бары биліктің бұқара қауымның талаптіле­гіне бейжай қарамай­ тынын айқын аңғаруға болады.

Халық пен билік арасында пікіралмасатын алаң болмаса, көпшіліктің жекелеген мұң- мұқтажы ескерусіз қалып қоюы бек мүмкін. Ал, Ұлттық сенім кеңесі – қоғамның өз пікірін білдіруіне қолайлы мүмкіндік берілген мінбер. Бұл жерде кез келген проблема жан-жақты талқыланып, оң шешімін табады деп күтілуде. Жан-жақты талқыланарына сенімді болудың да өзіндік себебі бар. Оған кеңес құрамындағы түрлі саладан мол хабары бар, танымал тұлғалардың негіз қалары анық. Қай-қайсысы да халық алдында беделге ие, өзіндік пікірі бар қоғам мүшелері. Демек, екіжақты ортақ шешім арқылы еліміздің дамуы жолында ауқымды істер атқарылады деген сенімге табан тіреуіміз керек.

Сағат СҰЛТАНОВ,

Шеңбер селолық округінің әкімі.

Басқа материалдар

Back to top button