Рухани жаңғыру

Қоғам дертімен қарқынды күрес

   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: жемқорлықсыз қоғам» облыстық форумын өткізді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2003 жылдан бастап 9 желтоқсанды – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп жариялаған. Еліміз Конвенцияны 2008 жылы ратификациялады.

Форум басталмас бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Жандос Сәрсенов баспасөз мәслихатын өткізді. Қоғамның дертімен күрестің облыстағы барысын ортаға салды. Журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Форумда Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы М.Шибутов, Халықаралық құзыреттер академиясының директоры, профессор Л.Асылбекова сөз алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу тетіктеріне тоқталды. Форумға қатысушылармен ашық әңгіме өрбітті. Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай да форумға үн қосты.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында өткізілген байқаулардың жеңімпаздары да осы шарада марапатталды. Журналистер арасында қара үзгеннің бірі – газетіміздің жауапты хатшысы Нұрқанат Қанафин. Сондай-ақ, тақырып аясында бейнероликтері мен шығармаларын ұсынған колледж студенттері мен мектеп оқушылары да сый-сияпатқа ие болды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button