Спорт

Қоңқабаев WBA рейтингісінен шығып қалды

Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Аса ауыр салмақта қазақстандық Иван Дычко бұрынғыша XV орында тұр. Бұл дивизионда әлем чемпионы украиналық Александр Усик екені белгілі. Рейтингте І орын бос болса, конголық Мартин Баколе – ІІ, америкалық Деонтей Уайлдер – ІІІ орында.

Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. Серік Мұсаділов XV орында тұр. Франциялық Арсен Гуламирян суперчемпион болса, ТОП-3-те кубалық Юниэль Дортикос, ұлыбританиялық Крис Биллам-Смит және ресейлік Алексей Егоров тұр.

Тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағанбет екінші орта дивизионда 9-дан 8-ге көтерілді. Үздік үштікте америкалықтар Калеба Планта мен Деметриуса Андраде, канадалық Эрик Базинян келеді. WBA Super чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Орта санатта Геннадий Головкин WBA Super әлем чемпионы болып қалып отыр. Жай чемпиондық белдік кубалық Эрисланди Лараға тиесілі. Аустралиялық Майкл Зераф көш бастаса, аргентиналық Серхио Мартинес пен америкалық Остин Уильямс өкшелеп келеді.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев сәйкесінше 12-інші және 13-орнын сақтады. Бұл салмақта чемпион – доминикандық Эктор Луис Гарсия. Рейтингте америкалық Ламонт кіші Роуч, грузиялық Отар Эраносян және мексикалық Лео Санта Круз бастапқы үштікте.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта 5-тен 6-ға сырғыды. Мұнда І орын – бос, жапониялық Томоки Камеда – ІІ, мексикалық Кевин Гонсалес – ІІІ орында. Негізгі WBA Super чемпионы атағы өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке тиесілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокс федерациясы Қамышбек Қоңқабаевтың «Странджа» турнирінде рингке шықпай қалған болатын. 1/8 финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен рингке неге шықпай қалғанын да жаздық.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button