Руханият

Әнші әрі актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды. 

Әншінің о дүниелік болғанын оның продюсері де растады. Кикабидзе көпшілік көрерменге «Мимино» фильмі арқылы танылды.

Оның әндерінен бөлек, жиырмаға жуық кинокартинасы бар. Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Грузияда өмірге келген. 1963 жылы шет тілдері институтын тәмамдаған. 2021 жылы Кикабидзенің әйелі, Грузияның еңбек сіңірген әртісі, прима-балерина Ирина Кебадзе дүние салды. Олар елу жыл бойы қол ұстасып өткен. Әнші өмірінің соңғы жылдарында Грузиядағы ірі оппозициялық партияның мүшесі болды. Вахтанг Кикабидзе мидың қатерлі ісігінен айыға алмаған көрінеді.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button