Жаңалықтар

«Әнет баба» мешіті 330 оқушыны мектепке дайындады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан қайырымдылық бағытындағы іс-шараның бірі «Мектепке жол» акциясы Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінде жоғары деңгейде жүзеге асты.⠀

Сурет: ihsan.kz


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында 330 мектеп оқушысына қолдау көрсетілді.⠀”Зекет және қайырымдылық қорының” мұрындық болуымен оқушыларға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табыс етілді.⠀

Қайырымдылық шарасы барысында облыс бас имамы білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнады. ⠀

– Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Биылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 330 мектеп оқушысына көмек берілді. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз, – деп өз алғысын білдіре келе бұл қайырымдылық шарасы білімге жасалып  отырған қолдау екенін атап өтті.⠀

Айта кетейік, аталмыш қайырымдылық жобасы облысқа қарасты барлық мешіттерде жалғасуда.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button