Жаңалықтар
Несіпбек Айтұлы дүниеден өтті
Ақын, Мемлекеттің сыйлықтың иегері, Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты Несіпбек Айтұлы дүниеден өтті.
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президент жанындағы Мәдениет орталығында қызмет істеген.
Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры.