Жаңалықтар

Несиесі бар сарбаздарға қандай жеңілдік қарастырылған?

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, 7 мыңнан астам мерзімді әскери қызметшінің мойнында 16 320 несие бар екен. Осы мәселе жөнінде Қорғаныс министрлігі несиесі бар сарбаздарға қандай жеңілдік қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлады Оrtalyq.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

 

– Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің 7055 мерзімді әскери қызметшісінде 16 320 несиенің бары анықталған. Оның 6 573-і – банктерде, 7 675-і – микроқаржы ұйымдарында екен. Оның ішінде 3 498 әскери қызметшінің 4 928 несиесі мен микронесиесін қызмет уақытында тоқтата тұру бойынша шешім қабылданды. «Несиелік демалыс» тізіміне ілікпегендер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп жауап қатты Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Әскерге шақырушылар берешегі бойынша төлемдерді уақытша тоқтатуы керек болса, өз еркімен Қорғаныс министрлігінің өкіліне хабарласуға тиіс.

– Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беру туралы меморандумды бекітті. Бұл бастама мерзімді әскери қызметшілерге әскери қызметін атқарғанда несиесін ойламауға мүмкіндік береді. Сарбаздардың несиесін барлық банк пен микроқаржы ұйымы кейінге қалдыра алады, – делінген хабарламада.

Әскерге шақыру науқаны кезінде болашақ сарбаздардың банктен алған қарызы мен шағын несиесі туралы мәліметі бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі.

– Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алуды тоқтата тұру мәселесін пысықтайды, – деп жазылған хабарламада.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button