Спорт

Өнерпаздар доп тепті

Қарағандыда БАҚ өкілдері мен өнерпаздар арасында шағын футболдан I облыстық турнир өтті. Оған 8 команда қатысты. Айтбай Жұмағұл, Саят Әбдіғали, Ботабек Тілеген, Дидар Қами, Қайрат Иманбек, Нұрмұхамед Байсүгіров сынды өнер иелері көш бастап келді.

достық лига

– Басты мақсат – өнер адамдарының басын біріктіріп, ынтымақта, татулықта болу. DOSTYQ LEAGUE лигасы аясында бір күндік DOSTYQ CUP турнирін алғаш рет ұйымдастырдық. Енді жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Кубок ауыспалы болмақ, – деді DOSTYQ LEAGUE лигасы президенті, шараны ұйымдастырушы Аман Хамит.

Тартысты өткен додада I орынды «Сарыжайлау», II орынды «Допжарған», III орынды «Айтыскер» және IV орынды KRG MEDIA командасы жеңіп алды.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button