Жаңалықтар

Құндылықтар дәріптелді

      №34 жалпы білім беретін орта мектеп ұрпаққа тәрбе беретін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін айшықты шаралар ұйымдастырды.

      Іс-шаралар мектеп оқушылары мен ата-аналардың бірлесуімен өтті. 7-9 сынып оқушылары арасында өткен «Мен азаматпын», «Алғыр­лар» қа­ла­лық және басқада байқауларға қатысқан оқушылардың үздік жоба­ларының көрмесі өз алдына бір төбе.

      Бастауыш сынып оқушылары мен мектеп кітапханасы бірлесіп «Мә­дениет және руханият», «Қазақ­станның мәдени мұрасы» атты оқыр­мандар конференциясын өткізді. Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздеді. Мәдени құнды­лықтарды бағалай білетін, рухани зияткерлігін қалыптастыра отырып , мәдени ой-санасын дамыту көзделді. Шаралар соңы «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұра» атты үлкен салтанатты мерекелік кешке ұласты. Кеш барысында патриоттық әндер орындалды.

Гүлжанат ЖОЛДЫБЕКОВА,

34 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button