Ресми

Өндірістік трансформация кезеңі

Соңғы жыл ішінде облыстық өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасы соны стратегиялар мен тиімді технологиялық шешімдерді іске асырудың алғы қатарында болды десек, қателеспейміз. Толайым жетістіктер мен жаһандық перспективалармен ерекшеленетін индустриялық прогресс пен инновацияның қызықты жылын шолып көрелік. Сонымен.

Қарағанды ​​облысының өнеркәсіп секторында 1200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 38-і – ірі, 65-і – орта және 1000-нан астамы – шағын кәсіпкерлік субъектілері.

2023 жылдың қорытындысы бо­йын­­ша облыстың өнеркәсібінде 3,5 трлн. ­тең­ге шамасында өнім өндірілді. Бұл облыстың жалпы өңірлік өнімінің жар­тысынан астамын құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіптің 75 пайызын алып жатыр. Әсіресе, экономиканы әртараптандыру шеңберінде оң динамика машина жасау (43%), жеңіл өнеркәсіп (24%), фармацевтика (9%), құрылыс (8%), қара металлургия (2%) салаларын ерек­ше атап өтуге болады.

Қарағанды облысында көмір тасымалдау құр отынды тасымалдау ғана емес, сонымен қатар, өңірдің өмірі мен дамуын қолдайтын үйлесімді жүйе. Көмір энергетикалық ландшафтта маңызды рөл атқарып қана қоймай, аймақтық бастамалар энергияға деген қажеттілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлық арасындағы тепе-теңдікті сақтауға соны мүмкіндік береді.

Биыл өнеркәсіп саласын дамыту жұмыстары жалғасады. Біз 2,1% өсіммен 3,7 трлн. теңгеден астам өнеркәсіптік өндірісті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Өңдеу секторында 2,8 трлн. теңге немесе 2,5% өсіммен оң динамика күтілуде.

2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 12,2 пайыз өсіммен 854,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, жеке инвестициялар көлемі 734 млрд. теңгеден артты. Жаңа өндірісті іске қосуға келетін болсақ, 2023 жылы 138 млрд. теңгеге 11 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалар «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында, РТБ өнеркәсіптік алаңында, Балқаш және Саран қалаларында Абай, Нұра, Осакаров және Қарқаралы аудандарында іске қосылды.

Ауқымды жобаларға тоқталып кетсек, Осакаров ауданында жоғары сапалы әк шығаратын зауыт іске қосылды. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 30 млрд.теңгені құрап, 100-ден астам жұмыс орны ашылды. Жаңа зауыт қара және түсті металлургия мен шыны өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың сұранысын өтейтін болады. Сондай-ақ, зауыт өнімдерін жылу электр станцияларының түтін газдарын тазарту үшін пайдалану жоспарлануда. Бұл ауа мен қоршаған ортаның лас­тану мәселелерін оңтайлы шешеді.

Өңірдегі серпінді жобалардың бірі – Нұра ауданындағы арнайы кокс өндіретін зауыт. Жылдық қуаттылығы – 400 мың тонна. Мұнымен бірге, жыл сайын «Шұбаркөл көмірінен» 70 мың тоннадан астам көмір шайыры мен мұнай өндірілетін болады. Жаңа кәсіпорын өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерді ұсынады. Технологияда пайдаланылатын барлық су ресурстары мен ластанған ағынды сулар тазартылып, сумен жабдық­тау жүйесіне жіберіледі.

Ал, Балқашта сирек жер металы – селен өндіретін бірегей цех ашылды. Бұл жобаның көрші елдерде баламасы жоқ. Кәсіпорын 75 тоннаға дейін тазартылған селен өндіреді.

Өңірде өнеркәсіпті дамыту барысында тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға баса назар аударылуда. Бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауыты инфрақұрылымының болуын ескере отырып, өнеркәсіптік алаңдар кешенін құрудамыз.

Саран қаласындағы осындай жобалар­дың бірі «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника зауытының құрылысы болды. Ағымдағы жылдың қараша айында тұрмыстық техника шығаратын 7 өндірістік желі іске қосылды. Бұл жобаны жүзеге асыру 1200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Зауыттың жобалық қуаты жылына

1 млн-нан астам өнім шығаратын болады. Олардың қатарында теледидар, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, ас үйге арналған сорғыш, су жылытқыш және кір жуғыш машиналар бар.

Биылғы жылы инвестиция тарту­дың оң қарқыны жалғасатын бола­ды. Негізгі капиталға салынған ин­вес­­­­тиция көлемі 1,5% өсіммен 910 млрд. теңге деңгейінде күтілуде. 247 млрд. теңгеден асатын 10 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады. Жаңа өндірістерде 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Катодты мыс, ферросиликоалюминий, жел электр мұнаралары, жүк көліктері, түзу тігісті болат құбырлар, темірбетон бұйымдары, мырышталған металдан жасалған бұйымдар өндірісі жолға қойылады.

Индустриалды-инновациялық инфра­ құрылым элементтерінің бірі «Са­­ры­­­­­­­­арқа» арнайы экономикалық ай­ма­­­­­­ғында қазіргі күні 20 кәсіпорын тір­­­­­­кел­ген. Арнайы жеңілдіктердің арқасында мұнда 11 жоба іске қосылды.

160 млрд. теңге инвестиция тартылып, өн­­­­дірілген өнім көлемі 183,3 млрд. теңгені құрады. 1114 жұмыс орны ашылды. Салық шегерімдері 18 млрд. теңгені құрады. Инфрақұрылымдық құ­­­­­­­ры­лыс шығындарына жұмсалған 1 бюд­­­жеттік теңгеге инвестиция түрінде 6,3 теңге тартылды. 2023 жылы жалпы құ­ны 10,5 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 150 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Бүгінде арнайы экономикалық аймақта 9 жоба іске асырылуда, оның ішінде, 2 жобаны ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл «Қарағанды ​​Power Silicon» алюминий ферросилиций өндірісі және «Power Blast» жарылғыш заттарды өндіру зауыты. Өңірдегі тағы бір ірі өнеркәсіптік алаң – «Саран» индустрия­лық аймағында жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Индустриялық алаңның қатысушылары қазірдің өзінде 333,4 млрд. теңге инвестиция тартты. Мұнда 183 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Кәсіпорындарда 4 600 жаңа жұмыс орындары құрылды. Индустриялық алаңда барлығы 7 жоба жұмыс істейді, оның ішінде 3 жоба іске асырылды, 4 жоба құрылыс сатысында.

Биыл тағы 3 жоба іске қосылады. «ТЕМПО Қазақстан» түзу тігісті болат құбырлар өндірісі. «SaranTrucks» жүк көліктерін шығару кәсіпорны. Металл бұйымдарды ыстық мырыштау зауытының құрылысы. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік кәсіп­орындар облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждермен меморандумдар мен көпсалалы шарттық қатынастар жасалды. Сондай-ақ, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағдарламалары бекітіліп, дуалды оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, облыста инвесторлармен нақ­ты жұмыс жолға қойылған. Оларға ың­ғайлы болу үшін біз әр инвестициялық жобаға толық қолдау көрсету үшін мамандарды жеке бөлеміз. «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы базасында инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мамандар құрылысқа барлық рұқсаттарды алуға, визалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ, инвестициялық келісімшарт жасасуды дайындауға көмек көрсетеді. 2023 жылы әлеуетті инвесторлармен 28 кездесу өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 3 инвестор жобаларды жүзеге асыруға кірісті және 4 жоба бойынша келіссөздер соңғы сатыда. Шетелдік интернет-ресурстар мен іс-шараларда Қарағанды ​​облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Біз, сондай-ақ, ақпараттандыру бас­қар­масымен бірлесіп, инвесторлардың сұрақтарына жылдам жауап беру мақсатында телеграмм-бот құрудамыз. Инвес­торлар үшін нұсқаулық пен Қарағанды ​​облысының барлық өнімдерінің каталогын жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жергілікті тауар өндірушілерге арналған каталог пен веб-сайт жасау жұмыстары жүргізілуде.

Сөз соңында айтарым, өнеркәсіп саласын дамыту, инвестиция тарту жұмыстары жалғасатын болады.

Дарын БҰЛҚАЙЫР,
облыстық өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button