Жаңалықтар

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10% дейін төмендетуге үндеймін»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы пітір садақа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

– Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады, – деді бас мүфти.

Бас мүфти Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесі ескеріліп, ортақ шешім қабылданғанын хабарлады.

– Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button