АймақБас тақырыпҚарағанды

Наурыз мерекесі 10 күн тойланады

Қарағанды облысында Наурызды мерекелеу 14 наурызда басталып 23 наурызға дейін жалғасады. 10 күн ішінде облыс аумағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов айтты.

Суреттерді түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқарма басшысы Наурыз мерекесінің күнтізбесін ұсынды. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналған:
14 наурыз – «Көрісу күні-Амал мерекесі»;
15 наурыз – «Қайырымдық күні»;
16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»;
17 наурыз – «Шаңырақ» (отбасылық құндылықтар күні);
18 наурыз – «Ұлттық киім күні»;
19 наурыз – «Жаңару»;
20 наурыз – «Ұлттық спорт»;
21 наурыз – «Ынтымақ»;
22 наурыз – «Жыл басы» (бұқаралық мерекелер, көктемгі күн мен түннің теңелу күні);
23 аурыз – «Тазару» (табиғат күні).

Сонымен қатар, 22 наурыз күні сағат 12.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Құс қанатындағы Наурыз» атты басты театрландырылған қойылым өтеді. Экспозициялық киіз үйлер орнатылады, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша отбасылық байқаулар ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың төрт алаңында өтеді: Жаңа Майқұдық МҮ, «Молодежный» МҮ (Пришахтинск), Теміржолшылар МҮ (Сұрыптау) және Достық үйінің (Оңтүстік-Шығыс) алдындағы алаңда.
Он күн бойы қалалар мен аудандарда Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, 16 наурызда Global City аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 18 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында NAURYZ-FASHION этно-заманауи киім фестивалі өтеді. 20 наурызда облыс орталығында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада, тазы тұқымдас иттер және аңшы құстар көрмесі өтеді.
Бұл күні аудандарда көкпар, сондай-ақ қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан жарыстар мен турнирлер өтеді. 23 наурызда өңірлерде су айдындарын тазалауға және аумақтарды қар мен қоқыстан тазартуға бағытталған тазалық эстафетасы басталады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button