Наурыз мейрамын тойлады
Түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы – Наурыз мейрамы. Бұл мерекені Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №35 мекемесінің жеке құрамы да атап өтті.
Мейрам күні мекемедегілер ет асып, наурыз көже әзірледі. Ақ дастархан жайып, ұлттық тағамдарды ортаға қойды.
Сонымен қатар, ер азаматтар кір тасын көтеріп, асық ойнады. Ұлыстың ұлы күнін мекемедегілер осылайша қарсы алды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz