«Нашақорлыққа жол жоқ»: 426 қылмыстық іс қозғалды
Ел бойынша есірткі қылмысына қатысты 8 мың қылмыс анықталған. Оның 2,2 мыңы – сату қылмысы. Сонымен қатар, төрт мың адам жауапқа тартылып, 135 есірткі каналы жойылған. Өңірлерде 8 ұйымдастырушы ұсталған. Осы және басқа да мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов есірткі бизнесіне қарсы үйлестіру кеңесінде айтып берді.
– Прокуратураның үйлестіруімен Павлодарда есірткі өндірумен айналысқан шетелдіктердің қызметі тоқтатылды. Оларда айналымы 100 млн доллардан асатын Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында істейтін бірнеше есірткі дүкенінің криптоәмияндары анықталды, – делінген жазбада.
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында есірткі жарнамасы бар 47 мың граффити жойылыпты. 426 қылмыстық іс қозғалып, 36 адам ұсталған.
– Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығын құру жобасын жалғастырамыз, – дейді Берік Асылов.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.