Жаңалықтар

Нұрсахан Ахметқызы, тарихшы: «Енді Түркістан түркі халықтарының орталығы болады»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістанды облыс етіп жариялауға қатысты құжатқа қол қойғалы үш айдан артық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде өңірдегі экономикалық, әлеуметтік даму екпіні едәуір өзгеріске ұшырап, қарқынды даму үстінде. Мұны қарусыз көзбен көріп, аңғаруға болады.

Ендігі кезек тарихи қаланың осы облыс статусын алу жолындағы сапары туралы сөзге қарай ойыссақ. Жалпы өткен күн тарих. Демек тарих туралы тарихшының айтқаны дұрыс болар деп кестік. Осы орайда, өз ойымен ҚАРМУ-дің ұстазы, профессор Нұрсаған Ахметқызы бөлісіп, қызықты фактілермен бөліскен еді:

«Түркістан облысын құру идеясы 1500 жылдық мерейтойында айтылды. Облыстың құрылғанына мен қатты қуандым, себебі, жақсы көретін тарихи тұлға Мұстафа Шоқай арманы осы атаумен байланысты еді.

Ұлы тұлға:”Түркістан ұлттық тәуелсіз мемлекетіне”,- деген мақаласын жазып, Түркстан атауын ерекше бөліп атаған. Оның “Жас Түркістан” журналының өзі бір терең тарих. Елбасының Түркістанды облыс орталығы етуі рухани жаңғырудың нағыз дəлелі. Қ.А.Ясауи бабамыздың кесенесінің маңы көне заманнан сыр шертетін байырғы қала кейпінде бой түзейді. Сондай-ақ, туристерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында көптеген нысандар бой көтеріп, тарихи орындардың инфрақұрылымдары ретке келтірілмекші екен.

Түркістан облысы түркі халықтарының басын қосатын рухани орталыққа айналады. Астана еліміздің қаржы орталығы болса, Түркістан рухани орталығы болар сөзсіз. Ол қалай облыс болып дамып кетеді деген қарсы пікірлер де айтылды. Алайда, 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілгенде де ол жақта ештеңе болмаған еді.

Елбасымыз 20 жылдың ішінде əлем танитын Астананы көтерді. Сол сияқты Түркістан облысы да жан-жақты қолдаудың арқасында көтеріледі. Қайта қазіргі уақытта ол бүрынғыдай қиындық тудырмасы анық. Болашақта Түркістандағы ғимараттардың барлығы Шығыс елдерінің стилінде салынатын болады. Атақты хандарымыздың, киелі ата-бабаларымыздың сол жерде жатқаны бекерден бекер емес. Олар сол кезде ол өңірдің киелі екенін білген.

Енді Түркістан түркі халықтарының орталығы болады. Елбасының бес əлеуметтік бастамасы тек сөз жүзінде айтылып қоймай, іске асырылады. Өңірде шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетіліп, өнеркəсіпті дамыту қолға алынады. Жеңіл өнеркəсіпті дамыту қолға алынады, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын жетілдіреді.

Бүкіл ауданды жарықпен қамтамасыз етіп отырған Кентаудағы трансформатор зауыты да бар. Алдағы уақытта тағы да өнеркəсіп орындары ашылса, жұмыссыз жүрген халықтың да жағдайы жақсарады. Елбасының бес əлеуметтік бастамасының арқасында өңір толықтай газбен қамтамасыз етіліп, жаңа жоғары оқу орындары ашылып, халық қолжетімді баспанаға ие болады.

Бұл Түркістан облысының рухани орталыққа айналатынының белгісі. Облыс əкімі болып тағайындалған Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев біраз жыл Түркия елінде елшілікте істеген. Түркі халықтарының жағдайын жақсы біледі. Облысты көркейтіп, дамытып, түркі халықтарының басын қосатынына сенімдімін».

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button