НҰРЛЫ ЖОЛДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің 2015 жылы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталып отыр.
Ең бастысы, бағдарлама экономика өсіміне жағдай жасай отырып, қазіргі бар жұмыс орындарын сақтайды және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді, іскерлік белсенділікті, өнімділікті және елдің транзиттік әлеуетін арттырады.
Жылдан-жылға көлік көбейіп, жолдар тарылып жатыр. Қала экологиясының ластануы мен көлік кептелісінің алдын алу үшін жол қозғалысын реттеудің маңызы жоғары.
Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 128 мың шақырым деп есептелсе, оның 85,6 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға жатады. Ал 42,4 мың шақырым жол шаруашылық жолдарына тиесілі. 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы бойынша жол саласында қызмет ететін адамдардың саны 30 мыңнан асқан. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне баса назар аударылу керектігі қозғалған. Бұл – қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі. Елбасы атап өткендей, Қазақстан ұтымды географиялық жағдайға ие және біздің аумақтағы транзиттік мүмкіндікті пайдалану елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қуатты ынталандыратын болады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы Санкт-Петербор – Мәскеу – Төменгі Новгород – Қазан – Оренбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Үрімші – Ланьчжоу – Чжэнчжоу – Ляньюньган бағдары арқылы өтеді.
Құлынтай Монай