Жаңалықтар

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы болып тағайындалды.

Сурет: tumba.kz

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтын үздік тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде ол сыртқы экономикалық ұйымдарда, соның ішінде шетелде жұмыс істеді;

«Юнитэк ЛТД» бас директоры;

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі;

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі;

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі;

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Қазір ол ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button