«Нұрқазған» – үздіктер сапында

     Нұрқазған кен-байыту фабрикасы өндіріс көлемінің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

    Фабрика ұжымы мұндай биікті былтыр да бағындырған. Енді, осы жылы 23857 тонна концентрат өндіріпті. Жетістікке жетудің басты жолы – еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтау. Өндіріс ошағының басшылары осындай пікірде.

Компанияның басқа құрылымдары сияқты біз де енгізілген стандарттар мен «Қазақмыстың» 2013-2017 жылдарға арналған Қауіпсіздік стратегиясын қатаң сақтаймыз. Жоғары жетістікке әрбір жұмысшының асқан жауапкершілігі арқылы жеттік. Алдағы жылы да еңбек қауіпсіздігіне ерекше мән береміз. Сондай-ақ, фабриканы қайта жабдықтау арқылы өндірістік қуаттылықты жылына 3,5 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мен ұжымға шынайы алғысымды білдіремін. Олар әр күн сайын маңызы бар іс тындырады, – деді Мұрат Бурибаев.

     Бұған қоса, фабриканы жаңғырту жоспарда бар көрінеді. Мақсат – еңбек шартын және әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды жақсарту.

     Негізі, «Нұрқазған» фабрикасы – «Қазақмыс» компаниясының стратегиялық маңызды кәсіпорындарының бірі. «Нұрқазған» жерасты кенішінен шикізат өндіреді. Кәсіпорынның 577 жұмыскері бар. Ұжымның біртұтастығының ұйытқысы – аға буын мен жас буын арасындағы ауызбіршілік, жас мамандарға қолдаудың берік қағидасы.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.