Спорт

Мусин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Әділбек Мусин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен мәре сызығынан үшінші болып өткен.

Бірінші орынды 51,13 уақыт көрсеткішімен Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы жапониялық Кацухиро Мацумото иеленді. Қытайлық спортшы Ван Чанхао 51,24 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тоғызыншы қола медаль түсті. Ал, Әділбек Мусиннің жүлдесі жалпы медальдық есепте Қазақстан үшін 12-ші медаль.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button