Моншада өрт шықты
Бүгін, 30 наурызда Мұқанов көшесіндегі монша кешенінен өрт шықты.
– Сағат 12.08-де Мұқанов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт «Қарқаралы» монша кешенінің екі қабатты ғимаратында 60 шаршы метр аумақтағы бу бөлмелерінде орын алды, – деп хабарлады ТЖД.
Өрт сағат 12.59-да ауыздықталған.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz