Тағзым

Мол мұра қалдырған марғасқа 

Ардақты Кәмел ағаның ұрпақтары!

Сіздерге Қазақтың қайтпас қайсар қайраткері, қабырғалы қаламгері, өнегелі ұстаз Кәмел Жүністегінің дүниеден озуына орай қайғырып көңіл айтамын.

Ағамыз бар ғұмырын ұлтына қызмет етуге арнады.

Сурет автордан

Сол үшін қаншама қуғын-сүргін көрсе де мойымады. Соңына мол әдеби мұра: тамаша романдар мен повестер, әңгімелер жинағы қалды.

Сарыарқаның арғы-бергі тарихы, ата-бабалар шежіресіне қатысты тағылымдық мәні зор еңбектер жазды.

Ұзақ жылдар бойы ағамызбен ағалы-інілі адамдардай аралас-құралас болдық. Көптеген ақыл-кеңестерін тыңдадым.

Кәмел ағаның иманы саламат, алды жарық, орны пейіш, топырағы торқа болсын!

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button