Жаңалықтар

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін прокаттан алып тастады

Қазақстанда кинотеатрларға онлайн билет алуға арналған платформаларда «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алынып тасталған. Бұл жағдайға шығармашылық топ пікір білдірді.

 

–  Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.
Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын.
Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ», – дейді фильм режиссері Мұрат Есжан және “Қазақстан” телерадиокорпорациясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button