Өміріңді сақта
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 85510 әскери бөлімінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өтті.

Аталмыш іс-шара ҚР Қорғаныс Министрінің 2022-жылғы, 5 қыркүйектегі №760 бұйрығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінде «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру бойынша, 85510 әскери бөлімінің жеке құрамымен 2024-жылғы оқу кезеңі аясында, жарақатты алдын алу жеке құрамның арасында жарақатты болдырмау бойынша, құқық қорғау өкілдерімен бірлесіп арнайы өткізіліп отыр. Іс-шараға арнайы Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов шақыртылған. 85510 әскери бөлімінің әскери санаттағы әскери қызметшілердің арасында әр түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбы бойынша жиын өткізілді.
Әскери қызметшілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің баптары мен жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға әкімшілік жазалау туралы талаптары жеткізілді. Кездесуде әскери полиция өкілі аталмыш жиын бойынша әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленіп, мемлекеттік насихат, діни институттармен қарым-қатынас, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
– Өткізілген іс-шара жарақатты алдын алу бойынша жүргізілді. Атқарылған жұмыстар жеке құрамға толығымен жеткізілді. 85510 әскери бөлімінің жеке құрамы өткізілген іс-шарадан қорытынды жасап, сана – сезім ойларын дұрыс бағытқа бұратын болады, – деп атап өтті өз сөзінде 85510 әскери бөлім командирінің ТжИЖЖ орынбасары, майор А.Серикбаев.
Айдын ТОНТАЙТЕГІ,
Қарағанды гарнизонының баспасөз қызметкері.