Жаңалықтар

Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Түркияда үйінді астынан Мирболат Құрмашевтің денесі табылды.

Қазақстандық құтқарушылар Хатай провинциясында толығымен қираған ғимарат астынан жер сілкінісі кезінде хабарсыз кеткен екінші қазақстандықтың денесін алып шықты. 

Айта кетейік, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткенін  хабарлаған болатын.

Жер сілкінісінен кейін Мирболатпен байланыс үзілген.

Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған.

Кейін Мирболат Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.

Оның ішінде Сабина Мамадьярова аман табылды, ал бүгін Әділ Қадірбековтің денесі үйінді астынан шығарылды. Үшінші адам – Түркия азаматы да мерт болған.

Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button