Жаңалықтар

Мезгілсіз қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына 5 кандидат тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысынан сайланып, кенеттен көз жұмған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың бос қалған мандатын иелену үшін 5 кандидат тіркелді. Үміткерлер сайлаушылардың қолын жинауға кірісті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада жазылғандай, облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен Парламент Сенатының депутаттығына үмітті мына 7 кандидат құжат тапсырған:

– Мелехов Сергей Владимирович;

– Махиня Евгений Сергеевич;

– Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;

– Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;

– Рафальский Анатолий Брониславович;

– Рахметова Әсем Қалашбайқызы;

– Қасенова Рауза Ивановна.

Бір кандидаттың ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарына, яғни ҚР мен СҚО аумағында тұрақты тұру бөлігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылуы тоқтатылды. Бір кандидат өз еркімен кандидатурасын қайтарып алды. 5 кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталды. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімі басталды, – делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған «анафилаксиялық шок» алдын ала диагнозы қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін айтты.

Кейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенаторды сайлау қашан өтетінін мәлім етті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button