Жаңалықтар

Мергендер Балқашта бас қосты

Балқаш қаласында садақ атудан халықаралық турнир өтті. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған чемпионатқа Түркия, Қырғызстан және Қазақстаннан 120-дан астам спортшы қатысты.

 

Бұл жарыстың ерекшелігі қатысушылар садақ атудың дәстүрлі, классикалық және құрама түрлері бойынша бақ сынады.

– Бұндай халықаралық турнир Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 3 айға жуық дайындалдық, барлығы жақсы деңгейде өтті», – дейді садақ атудан спорт шебері, дәстүрлі және классикалық садақ атудан Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы Жұмағазы Мұхаметжанов.

Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында дәстүрлі оқ атудан бірінші орынды Мұрадилұлы Ынтымақ (Қырғызстан) иеленді. Әйелдер арасында қарағандылық Кая Мазнева үздік шықты. Ұлдар мен қыздар арасында түркістандық спортшылар Алмаз Амантай мен Аяла Тұрарбек жеңіске жетті.

 

Дәстүрлі ату мен аралас ойында Түркиядан келген садақшылар Челек Умутжан мен Гүлай Чобаноглу жеңіске жетті. Командалық атудан алматылықтар Арсений Дубровин мен Айлин Чалышкан бірінші орын алды. Классикалық атудан алтын медальді алматылық Элизар Шепотко мен Ғайни Сандықбай жеңіп алды. Ал, жамбы атудан ерлер арасында Исхак Тоханов (Қырғызстан), әйелдер арасында – қарағандылық Кая Мазнева турнирдің жеңімпаздары деп танылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button