МЕРЕКЕЛІ ЖЫЛДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕС Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті
Қарағанды облысының тұрғындары!
Аймақтағы атқару органдарының есептік кезең ішіндегі барлық жұмысы ел Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасында, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында және жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындауға бағытталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экономикалық саясатты, мемлекеттік жаңа индустриаландыру бағдарламалары және өзге де дағдарысқа қарсы шаралар облыс экономикасын дамытуда оң көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашты.
Экономика
Өткен жылғы экономикалық өсім көрсеткіші 1,3 пайызды құрады. Аймақтық жалпы өнім 3,3 трлн. теңгені еңсерді. Бұл – еліміз бойынша 4-ші орын.
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлік қызметінде, тұрғын үй құрылысында, қаржылық сферада биік жетістіктер қамтамасыз етілді.
Орташа айлық еңбекақы көлемі 9,4 пайызға өсіп, 123698 теңгені құрады.
Облыс бюджеті үнемдеу режиміне сәйкес қалыптасқанымен, еңбекақы, жәрдемақы, шәкіртақы және басқа да әлеуметтік төлемдер толығымен төленді.
Өнеркәсіп,
инвестиция
2016 жылы облыстағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,9 трлн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,9 пайызды көрсетті. Біз өндіріс өнімі көлемін арттыруға қол жеткіздік. Оның ішінде, өндірілген өнім көлемінің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 1,5 трлн. теңге.
ҚР Үкіметінің 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының 76-пунктін орындау шеңберінде облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде, теміржол тасымалы мен электрмен қамтамасыз ету тарифтері бойынша төмендету коэффициенттерін қолдану мәселелері шешілді.
Қарағанды облысының кәсіпкерлікті қолдау Картасына бүгінде құны 649 млрд. теңге болатын 98 жоба енгізіліп, нәтижесінде, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде (оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жобасы республикалық Картаға енгізілді). Оның 97-сі 515,5 млрд. теңге болатын аймақтық маңыздағы жобалар. Мұнда 9 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл бағдарламада Қарағанды облысының барлық өңірлері қамтылған. Айта кету керек, жобалардың бір бөлігі шетелдік инвестицияның қатысуымен жүзеге асырылып, бұл кәсіпорындардың көпшілігі өнімдерін экспортқа шығарады.
Қазіргі таңда құны 245 млрд. теңге болатын 78 жоба іске қосылды. 6201 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2016 жылы 102,9 млрд. теңгенің 10 жобасы жұмысын бастады. 956 адам еңбекпен қамтылды.
Индустриаландыру картасын жүзеге асыру облыстағы машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және агроөнеркәсіп саласында жаңа өнімдер жасап шығаруға мүмкіндік берді.
Карта шеңберінде 2010-2016 жылдары іске қосылған жобалар 432,5 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 141,4 млрд. теңгені құрады.
Бұл жобалардың аймақта өндірілген өнім көлеміндегі үлесі 7,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде 8,3 пайызды көрсетті.
Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында жүзеге асырылған аса маңызды жобалар:
– «Борусан Макина Қазақстан» ЖК» ЖШС-нің ауыр техникаға қызмет көрсету орталығы;
– «Медная компания Коунрад» ЖШС-нің катодты мыс өндіру зауыты;
– «ККК Бетон» ЖШС-нің үй құрылысы комбинаты;
– «Бемер Арматура» ЖШС-нің шарлы крандар жасау зауыты;
– «АК Алтыналмас» АҚ-ның алтын өндіру фабрикасы;
– «Қаражал Оперейтинг» ЖШС-нің барит кендерін қайта өңдеу кешені;
– «Алтайполиметаллы» ЖШС-нің «Көктасжал» кен орны базасындағы кен-байыту кешені;
– «ҚазЭнергоМаш» ЖШС-нің энергетикалық жабдықтар шығару өндірісін кеңейтуі.
2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде 10 жобаны жүзеге асыру көзделуде.
Индустриаландыру картасынан тыс қосымша резерв ретінде есептік жыл ішінде 2,4 млрд. теңге инвестиция салынған 9 жоба жұмысын бастады. Соның арқасында 123 жұмыс орны ашылды.
2017 жылы Индустриаландыру картасынан тыс 1,4 млрд. теңге инвестиция үлесімен 10 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 237 жұмыс орны құрылмақ.
Өткен жылы негізге капиталға құйылған инвестиция көлемі 315,4 млрд. теңгені құрады. Бұл қаржының төрттен бір бөлігі өңдеу өнеркәсібіне жұмсалды.
Инвестиция тарту жұмысының басты көрсеткіші ретінде арнайы экономикалық аймақтағы өндірісті дамытуға тартылған инвестицияны айтуға болады. Аймақта инфрақұрылымдық қажеттіліктер жасақталып, қатысушыларға арнайы салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта 10 компания тіркеліп үлгерді.
Оның 4-і нақты жұмыс істеп тұр:
«Бемер Арматура» ЖШС (шарлы крандар мен ілмекті арматура өндірісі), «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС (оқшауланған жылу құбырлары өндірісі), «Тau-Ken Temir» ЖШС (металлургиялық кремний өндірісі), «HyunwooCentralAsia» ЖШС (оқшауланған жылу құбырлары және пенополиуретанмен оқшауланған құйма бұйымдары өндірісі);
4 компания жұмыстарын бастауға дайындық жүргізуде:
«Steel manufacturing» ЖШС (патрондар өндірісі), «Seven Refractories Asia» ЖШС (өртке төзімді материалдар өндірісі), «Завод ЭкоЛампа» ЖШС (көше жарықдиодты шамдары өндірісі), «Өтеміс LTD» ЖШС полимербетонды конструкциялар өндірісі).
2017 жылы «Steel manufacturing» ЖШС және «Seven Refractories Asia» ЖШС жүзеге асырылады деп күтілуде.
Облыста инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша Кеңес жұмыс істейді. Кеңес құрамына инвесторлар, ірі бизнес, даму институттары және мемлекеттік органдар өкілдері енген.
2016 жылдың маңызды оқиғаларының бірі – «Karaganda Invest – 2016» Халықаралық инвестициялық форумы болды. Форумға он шет мемлекеттер өкілдері, республиканың сегіз облысының өкілдері қатысты. Форум қорытындысында Қарағанды облысының келешек әлеуметтік және экономикалық дамуын айқындайтын жергілікті және халықаралық келісімшарттарға қол қойылды.
«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында елге трансұлттық компанияларды тарту жұмыстары жүргізілді. Олардың қатысуымен Қаражал қаласында барит кенін қайта өңдеу өндірісі іске қосылды. Осакаров ауданында жоғары сапалы әктас өндіретін зауыт құрылысы жоспарлануда. Жәйрем кентінде байыту фабрикасы құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақтың минералды-шикізаттық базасын дамыту мақсатында геологиялық-барлау жұмыстары жалғасуда.
Бизнесті белсендірудің басты көрсеткіші сатып алулар болып табылады. Түрлі ұйымдардың сатып алуларындағы (мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алулары, жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың сатып алулары) жергілікті құрамның үлесі 2016 жылдың 9 айында барлық сатып алу көлемінің 72,3 пайызын немесе 353 млрд. теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайызға артық.
Бұл – отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің айғағы.
Қазақстан Республикасы көлемінде Қарағанды облысы жүйе құраушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы жергілікті құрам үлесі көрсеткіші жағынан көш бастап тұр.
Агроөнеркәсіп
кешені
Өткен жылғы аграрлық кезең табысты өтті. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері астатөк астық жинады. 2016 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 229,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,6 пайызды көрсетті.
Облыстың диқандары бұл жылы биік көрсеткіш көрсетті. 725,7 мың гектар жерге егін егіп, 1 млн. 14 мың тонна өнім жинады. Орташа түсім – 14 ц/га болды. Заманауи технологияларды қолданудың және қолайлы ауа райының арқасында диқандар қауымы қамбаны мол астыққа толтырды. Былтыр егін алқабы 76 мың гектарға ұлғайды. Дәнді дақылдар алқабының 580 мың гектарына немесе 78,3 пайызында ылғал үнемдеуші технология қолданылды.
Мал шаруашылығы саласы да даму үстінде. Біздің фермерлердің еңбекқорлығы мен мемлекеттік қолдаулардың арқасында аймақта ірі қара, жылқы саны өсіп келеді. Мал сапасы артып, асыл тұқымды мал саны көбеюде.
Облысымызда тұңғыш рет алыс шетелге – Біріккен Араб Әмірліктеріне қой экспорттау ісі жолға қойылды. Жаңаарқа ауданындағы «Жеңіс» асыл тұқымды қой зауыты 3 мыңнан астам қойды экспортқа жіберді. 2017 жылы 10 мың қой жіберу туралы келісімшарт жасалды.
Ауылдық жердегі кооперацияны дамыту және ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтылу тиімділігін қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін пайдалану бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста 18 ауыл шаруашылығы кооперативі, 230 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылды.
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы басты бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және бәсекеге қабілетті тауар өндіру. Өңірдегі 329 кәсіпорын астық, сүт, ет өңдеумен айналысады.
2016 жылы облыс 20 алыс және жақын шетелдерге 300 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттады. Мұның ішінде, азықтық және жемдік астық, картоп, көкөніс бар.
Бұл жетістіктердің дені мемлекет жәрдемі арқылы қол жеткізілді. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 10,4 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
АӨК саласында жалпы құны 63,4 млрд. теңге болатын 74 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
«Корпорация Караганды-Нан» ЖШС-де макаронды өнімдер өндіру желісі іске қосылып, «Евразиан Фудс» АҚ-да өндірісті қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, қоюлатылған сүт өндіретін заманауи құрылғы жасақталды. Қарағанды қаласындағы «Сангуаж» ЖШС 1100 тонналық көкөніс қоймасын тұрғызды. Абай ауданындағы «АПХ «Сарыарқа» ЖШС-де 3000 мың ірі қараға арналған бордақылау алаңы бой көтерді. Бұқар жырау ауданында «Караганда Осетр» ЖШС жаңашыл балық шаруашылығын қолға алды.
«Шахтерское» ЖШС шетелдік жаңбырлатып суару қондырғысын қолдану арқылы 130 гектар жерге картоп отырғызды. Келешекте 400 гектарға жеткізіледі. Сондай-ақ, 8 мың тонналық картоп қоймасы салынды.
Ветеринария мәселесі
2016 жылы эпизоотияға қарсы шараларға 760,9 млн. теңге бөлінді. Облыста сібір жарасы мен басқа да ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.
Бекітілген жоспар шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмысы атқарылды.
Өткен жыл қорытындысы бойынша ішкі сауда нысандарында ветеринариялық-санитарлық сараптаулар бойынша 111 мың шамасында зертханалық зерттеулер жасалды.
Баға ахуалы
Өткен жыл қорытындысында облыстағы тұтынушылық баға индексі 108,2 пайызды көрсетіп, орташа республикалық деңгейден 0,3 пайызға төмен көрсеткішті межеледі.
Облыста әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына төменгі сауда үстемесін қосу, негізгі азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу және сауда нысандарындағы жалдау ақыларын көтермеу туралы 3 мыңнан астам меморандум жұмыс істеп тұр.
33 әлеуметтік павильонда әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің барлығы төмен бағамен саудаланады. Апта сайын ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкелері өткізіледі. Өткен жылы осындай 485 шара ұйымдастырылды.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында қалалар мен аудандардағы супермаркеттер мен ірі сауда нүктелерінде күн сайын мониторинг жүргізіледі. Көтерме сауда қоймаларында азық-түліктің болуы тексеріледі.
Кейбір азық-түлік өнімдері бағасының маусымаралық кезеңде бір деңгейде ұстап тұру бағытында тұрақтандыру қорынан 2 мың тоннадан астам өнім таратылды.
Жерді тиімді пайдалану
«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында аймақта запастағы және пайдаланылмай жатқан егістікке жарамды, суарылмалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша 2016-2020 жылдарға арналған Жоспар жүзеге асырылуда.
2016 жылы 367 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына алынды. Оның ішінде, 47 гектары – суарылмалы жер.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Шағын және орта бизнес
Экономикалық дамудың тағы бір көрсеткіштерінің бірі – шағын және орта бизнес. Бұл саладағы компаниялар саны 7 пайызға өсті. Шаруа және фермерлік қожалықтар саны артып келеді.
Облыста 85 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олар экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бір бөлігін еңбекпен қамтып отыр.
Кәсіпорындар санының артуымен олар өндіретін өнім көлемі де ұлғайып келеді. Бүгінде бұл көрсеткіш жылына 700 млрд. теңгені астам соманы құрап отыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік саласы кейінгі жылдары екпінмен даму үстінде. Өткен жылы салаға 26,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 262 жоба іске асты. 11 мыңнан жұмыс орны құрылып және сақталып, былтыр бюджет 4 млрд. теңге салық түсті.
Ұлттық және Зейнетақы қорынан бөлінген қаржының арқасында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 49 қарағандылық компания айналым қаражатын толықтыруға және қарызды қайта қаржыландыруға субсидия алды. Бұл бизнеске түсетін жүктің салмағын азайтып, өндірісті жаңғыртуға, өнім өндіру қуатын арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік берді.
Жекеменшік инвестициялар есебінен сауда және қызмет көрсету саласында 17,9 млрд. теңгеге 146 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 1800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке түсер кіріс көлемі ұлғайды.
Аймақтың туристік кластері айтарлықтай өркендей түсті. Туризм нысандары көбейіп, олар көрсетер қызмет түрлері артып, ал, туристерді қабылдау орнының саны бойынша облыс ел көлемінде 4-ші орынға көтерілді.
Туристік саладағы жетістіктерге қол жеткізуге «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-ші қадамын және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі шаралар, сондай-ақ, жарнамалық-имидждік жұмыстар септігін тигізді. 2016 жылы 12 қонақүй бизнесі нысаны тұрғызылды.
Құрылыс
Қарағанды облысында 2016 жылы 40 әлеуметтік маңызды нысан – мектептер, балабақшалар мен денсаулық сақтау ғимараттары тұрғызылды және қайта жөндеуден өтті.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қарағанды қаласында 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша салынды. Сәтбаев қаласында 600 орындық мектеп, Жаңаарқа ауданының Жұмажанов ауылында 150 орындық мектеп, Абай ауданының Құрма ауылында 320 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында облыстың ауылдық жерлерінде 27 дәрігерлік амбулатория бой көтерді.
Тұрғындарды баспанамен қамту мемлекет үшін маңызды мәселе болып табылады. Қарағанды облысында 2016 жыл қорытындысында Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй ауданы немесе 2809 пәтер қолданысқа берілді.
Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту Жоспары аясында жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарын Сәтбаев қаласына көшіру мақсатында 15 тұрғын үй тұрғызылды. Сондай-ақ, 2016 жылы 25 бес қабатты үйдің құрылысы басталды. Жұмыстар биыл да жалғасады. Бұл үшін бюджеттен 8,5 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, 2017 жылы жалпы ауданы 18,9 мың шаршы метр болатын 107 екі қабатты үй құрылысы жүргізіледі.
Абай ауданындағы жабық бассейннің құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 276,4 млн. теңге қаржы бөлінді.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы Қарағанды облысында 304 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қарағанды қаласындағы «Панель Центр» шағын ауданындағы несиелік тұрғын үйлер құрылысын тәмамдау мәселесі маңызды. Аталған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржы аударылды. Биыл үй тапсырылғанда қарағандылық 1128 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болады.
Тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуі жаңа инженерлік желілердің құрылысын жүргізуді қажет етеді. Үстіміздегі жылы облыс бюджетінен облыстың тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге 216,5 млн. теңге қарастырылды.
Биыл 13 жобалық-сметалық құжат дайындалады. Оның ішінде, 4 білім беру және 6 денсаулық сақтау нысандары құрылысы қамтылған.
Жол инфрақұрылымы
және көлік
Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамыту – елдің экономикасын дамытуға бағытталған басым бағыттарының бірі.
Қарағанды облысының жол құрылысы және көлік инфрақұрылымы саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2016 жылы 599 шақырым автокөлік жолы жөнделді.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды инфрақұрылымдық жобаларының бірі – «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жабдықтау қолға алынған.
Жобаның аясындағы жұмыстар 2013 жылы Анар – Теміртау учаскесін қайта жабдықтаудан басталды. Аталған учаскедегі жол қатынасы Мемлекет басшысының телекөпір арқылы қатысуымен ашылды.
Биыл магистральдің қашықтығы 15 шақырымдық Қарағанды-Теміртау учаскесіндегі жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Учаске 6 жолақты автокөлік жолының 1 техникалық санатына сай болмақ. Сондай-ақ, жол айрықтары мен көпірлер салу жоспарланған.
Өткен жылы Қарағанды қаласындағы жолдарға қатысты өзекті мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Бұған қоса, құрылыс және автокөлік жолдарын жөндеудің облыстық бағдарламасы арқылы республикалық және жергілікті деңгейдегі маңызы бар жолдарды қайта жабдықтау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. 232 шақырым – республикалық маңызы бар, 172 шақырым – облыстық маңызы бар жол жөнделсе, облыстың қала және аудандарында 155 шақырым жол жөндеу көрді. Облыстағы жолдарға ағымдағы жөндеу мен жолдарды күтіп ұстау іс-шаралары жіті назарда.
2016 жылы жалпы пайдаланымдағы автокөлік жолдарының 23 көпірі мен өтпежолдарында құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 4 көпірдегі (Бұқар жырау және Осакаров аудандары) және Қарағанды, Жезқазған қалаларындағы 2 өтпежолдағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 2015 жылғы су тасқынынан зардап шеккен 4 көпірді жөндеу қолға алынды.
2016 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, облыстың жол саласы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар үлесінің 75% көлеміндегі мақсатты индикаторына қол жеткізді.
Өткен жылдың соңында жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін әлемдік стандарттарға сай келетін Қарағанды-Астана бағытындағы жаңа электр пойызы жолға шықты.
Жезқазған өңіріндегі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін, 2017 жылдан бастап Астана-Жезқазған пойызының қатынау жиілігі өзгертіліп, Астанаға тікелей қатынайтын пойыз күн сайын жүргізілетін болды.
Облыстың көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарының бірі – «Сарыарқа» халықаралық әуежайы. 2016 жылдың жаз мезгілінде Минск, Батуми, Анталия бағытындағы жаңа әуе бағыттары іске қосылды.
Телекоммуникация саласына келер болсақ, Қарағанды және Теміртау қалаларының телекоммуникациялық желілеріндегі АТС-терді айырбастау жұмыстары жүргізілді. Селолық және қалалық абоненттер сандық телефон байланысымен 100% қамтылды.
2017 жылы 470 шақырым жолға жөндеу жүргізіледі. Соның ішінде, 252 шақырым – республикалық маңызы бар жолдар, 28 шақырым – облыстық маңызы бар жолдар және облыстың қала, аудандарындағы (Абай, Бұқар жырау аудандары, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран, Сәтбаев, Қаражал қалалары) жолдар жөнеделеді. Кентішілік – 64 шақырым жол, облыс орталығындағы 43 шақырым жол да жөндеу көрмек. 3 көпірді қайта жөндеу жалғасады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2016-2017 жылғы жылу беру маусымына әзірлік мақсатында 44 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа 57 қазандық, 120 шақырымдық жылу беру желісі, 132 шақырымдық су және кәріз құбырларының желісі, 3578 шақырымдық электр желісі және 796 қосалқы станция жөнделді.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы Қарағанды ЖЭО-3 нысанында жаңа энергоблок іске қосылды. Ол қалаға қосымша 115 МегаВатт электрлік және 180Гкал/сағат жылу қуатын беруге мүмкіндік тудырды.
Инвестициялық бағдарлама аясында ҚарМАЭС-2, Балқаш ЖЭО және «Қазақмыс энерджи» ЖШС-нің Жезқазған ЖЭО-сында станциялардың негізгі және қосымша қондырғыларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
2016 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қарағанды, Приозерск қалаларындағы сумен қамтамасыз етудің және су тартудың 7 нысанында құрылыс-жөндеу жұмыстары жалғасты.
Ұлытау ауданы Егінді селосындағы сумен қамтамасыз ету желісін қайта жабдықтау жұмыстары аяқталды. Ауыл тұрғындары орталықтандырылған су құбыры желісіне қол жеткізді.
Қазіргі күні орталықтандырылған су құбыры желісі 226 селолық елді мекенде немесе селолық елді мекендердің 53,6%-ында бар.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2016 жылы 3 млрд. теңгеден астам сомаға инженерлік коммуникацияны қайта жабдықтау жүргізілді.
Желіні қайта жабдықтау көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етудің сапасын арттыруға, Қарағанды қаласы тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз етуге, судың артық шығынын және апатты жағдайларды азайтуға мүмкіндік берді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 2016 жылы Ермеков көшесі бойындағы жылу желілерінің құрылысы аяқталды. Жоба теміржол вокзалы маңындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етудің сапасын арттыруға, Қарағанды фармацевтикалық кешенін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға жағдай тудырды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 2016 жылы Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы 172 нысанға электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары (1,3 млрд. теңгеге) жүргізілді. Бұл 570-тен астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, облыста энергиямен қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. 2016 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 12 млрд. теңге бөлінді.
Атқарылған істер экономикалық тиімділігін анық көрсетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша үнемдеу келесідей көрсеткішке ие:
– 137,9 млн. кВт/сағат электр энергиясы;
– 812,5 мың Гкал жылу энергиясы;
– 5,9 млн. текше метр су;
– 1,1 млн. тонна көмір және 196,7 млн. тонна мазут;
– 147,6 млн. теңге бюджет қаражаты.
2016 жылдың қорытындысы бойынша жылу беру желісінің тозу көрсеткіші 65%-дан 60%-ға, электр желілерінің тозу көрсеткіші 66%-дан 60,2%-ға, су құбыры желілерінің тозу көрсеткіші 76,9%-дан 75,4%-ға дейін төмендеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Табиғатты қорғау
іс-шаралары
Қоршаған ортаны қалпына келтіру мәселесі жіті қадағалауда. Өткен жылы облыста табиғатты қорғау мақсатындағы бірнеше іс-шара жүргізілді.
«АрселорМиттал Теміртау» КД Тентек шахтасындағы шаң-газ тазалағыш қондырғылардың, «Қазақмыс Смэтинг» ЖШС БМЗ-дағы жеңдік сүзгілердің қайта жабдықталып, іске қосылуы, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС №11 МАЭС-і қазандықтарындағы батареялық эмульгаторлардың орнатылуы және басқа да іс-шаралар ауаға тарайтын қалдықтардың көлемін 3,5 мың тоннаға дейін азайтты.
«Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорны көптеген жылдардан бері бірінші рет кәріздік-тазарту қондырғыларын толығымен қайта жабдықтады. Заманауи жаңа жүйе – «Полипор» тәрізді құбырлы ауа тазартқыштарды іске қосты. Мұндай жүйені іске қосу ақпа суларды тазарту сапасын арттырып, қоршаған ортаны ластау көрсеткішін төмендетті.
2016 жылдың көктемінде мемлекеттік орман қоры 350 гектардан астам жерге орман дақылдарын екті.
2017 жылы орман дақылдарын 435,3 гектар жерге егу жоспарланды.
Облыста 228 гидротехникалық құрылым бар. Барлық нысандардың меншік иелері бар.
Абай, Нұра, Шет және Бұқар жырау аудандарындағы 18 су шаруашылығы нысандарын облыстық коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Су нысандарына құйылатын суларды тазарту жұмыстарының сапасын арттыру үшін «Приозерск қаласының тазартқыш құрылымдарын қайта жабдықтау» жобасы қолға алынды.
Қарағанды қаласы «ГорКомТранс» ЖШС-нің бастамасымен қалдықтарды қайта өңдеудің қазіргі желісін жаңғырту қолға алынды. Облыс орталығы мен оған жақын орналасқан қалалардан шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтардың көмуге арналған полигон құрылысын салу бойынша құжаттар рәсімделуде.
Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайту үшін оларды жекелей жинау жүйесі іске қосылды. Пластик, қағаз, шыны қалдықтарын үшін – 700-ден астам, құрамында сынабы бар құралдарды жинау үшін 54 арнайы жәшік орнатылды.
Денсаулық сақтау
2016 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бастау алды. Мақсаты – азаматтардың өмір сүру жасын ұлғайту.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, Миокард инфарктісі, жарақат алу, күрделі инсульт, онкологиялық аурулар бойынша медициналық қызмет көрсету, босандыру мен бала денсаулығын қорғау қызметі бойынша медициналық көмектің шоғырландырылған түрлерін енгізудің жол карталары жасалды.
Осынау бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде, бала өлімі – 6,9%-ға, ана өлімі – 41,3%-ға, туберкулезбен ауыру көрсеткіші – 15,3%-ға және туберкулезден өлу көрсеткіші – 16,9%-ға төмендеді. Сондай-ақ, жарақат алу салдарынан көз жұму көрсеткіші – 6,2%-ға, жүрек-қан қысымы ауруларынан өлу көрсеткіші 17,7%-ға төмендеді.
2016 жылы саланы қаржыландыру көлемі 67,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда, 19,0%-ға артты.
Жыл ішінде 27 селолық дәрігерлі амбулатория салынды. 17 денсаулық сақтау нысаны жөнделді. Жұмсалған қаражат көлемі – 843,8 млн. теңге. Бұл халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, Балқаш қаласында жөнделген ғимараттың бірінде – заманауи диагностикалық орталық, Теміртау қаласындағы №1 емханада – балаларға медициналық қызмет көрсету бөлімшесі, облыстық медициналық орталықта нейро-инсульттік құрылым ашылды.
Қаржы лизингі бағдарламасы арқылы ауруханалар мен емханалар үшін жалпы сомасы 3 млрд. теңгеге 153 заманауи медициналық техника сатып алынды.
Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік денсаулық сақтау саласындағы тиімділігін де аңғартты. 2016 жылы 700 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылып, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалалары перзентханаларында 3 УДЗ-диагностика кабинеті ашылды. Қарағанды қаласы №1 ауруханасында компьютерлік томограф орнатылып, Шахтинск қаласында гемодиализ бөлімшесі және Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларының медициналық мекемелерінде офтольмологиялық бөлімшелер ашылды. Инвесторларды көптеп тарту жұмысы жалғасуда. Және биыл осы жүйе арқылы 1 млрд. теңгеге 9 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Диспансерлік есептегі емделушілерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамту үшін облыстағы әлеуметтік дәріханалар желісінің саны 37-ге дейін жетті.
Саланы мамандармен қамтамасыз етуге де ерекше мән беріледі. Өткен жылы медицина қызметкерлерінің қатары 254 дәрігермен толықты. Соның арасында 28 маман селолық жерлерде халық денсаулығын қадағалауда.
Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды көздеген жұмыстар биыл да жалғасады.
Білім беру
Қазіргі заманда білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі зор мәнге ие. Мақсатқа қол жеткізу, білім берудің мазмұнын жаңарту ұлттың болашағын айқындайды, бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Біздің облыста білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіру ісіне жіті көңіл бөлінеді. Өңір бюджетінің 30%-ы осы саланың еншісінде. 2016 жылы білім саласына бөлінген қаражат көлемі 84 млрд. теңгеден асып, 2015 жылмен салыстырғанда, 14,2 млрд. теңгеге артты.
Апатты мектептер саны азайды. 2016 жылы апатты екі мектептің орнына жаңа мектептердің құрылысы жүргізілді. Абай ауданы Құрма кентіндегі мектеп пайдалануға берілсе, Ұлытау ауданындағы жаңа мектептің құрылыс аяқталуға жақын.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мектептердегі үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін Сәтбаев қаласында 600 орындық мектептің және Қарағанды қаласында 1200 орындық мектеп салынды. 2016 жылы білім берудің тағы 7 нысаны іске қосылды.
Мектепке дейінгі білім берумен 1-6 жас аралығындағы балалардың 87,6%-ы, 3-6 жас аралығындағы балалардың 98%-ы қамтылған. Балабақшаларға кезекті азайтуға жекеменшік секторды дамыту, жаңа нысандарды іске қосу, бар ғимараттарды қайта жабдықтау, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісін арттыру арқылы қол жеткізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меншік иесі түрлеріне жіктемей беру де балабақшаларға кезектің көлемін азайтуға ықпал етті.
Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері санының көбею қарқыны кейінгі екі жылда оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Қазір облыста 33 жекеменшік балабақша және шағын орталықтар бар. Оның 13-і (1500 орынға) өткен жылы ашылды.
Жаңа оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін ескере отырып, барлық 1 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытыла бастады. 1 сынып оқушыларына білім беретін 4 мыңдай мұғалім жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін жетілдірді.
2016 жылы бюджет есебінен 190 селолық мектеп электронды оқу жүйесімен қамтылды. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыстың барлық селолық мектептеріне осынау жүйені енгізу көзделіп отыр.
Bilimland жобасы арқылы сандық білім беру ресурстарына, яғни, бейне-сабақтарға, электронды оқулықтарға, үш тілдегі әдістемелік құралдарға облыстың 384 мектебі (74%-ы) қол жеткізді. 2017 жылы көрсеткіш 100%-ға жетеді.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен, біздің облыс инновациялық жобалар негізінде республикалық тірек-алаңы ретінде таңдап алынды. Олардың қатарында электронды мектеп, білім берудегі роботты техника, үштілді және инклюзивті білім беру жұмыстары бар.
«Білім берудегі роботты техника» пилоттық жобасы аясында облыс бойынша 42 роботты техника зертханасы жұмыс істейді. 2017 жылы олардың саны 250-ге артады.
Білім берудегі қол жеткізген оң нәтижелердің дәлелі – оқушылардың ғылыми жобалар байқауларындағы, олимпиадалардағы және ҰБТ-дағы жоғары көрсеткіштері.
Біздің облыстың командасы жалпы білім беру пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадаларда және ғылыми жобалар байқауларында соңғы жеті жыл бойы үздік олимпиадалық команда екендігін дәлелдеп келеді.
Сондай-ақ, облыс командасы Томск қаласындағы роботты техника байқауында бас жүлдені жеңіп алса, Kazrobotiks-2016 республикалық байқауында бірінші орынға қол жеткізді.
2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 81,9 балл, яғни, республикалық және 2015 жылғы облыстық көрсеткіштен жоғары.
Балалардың мүгедектігінің дер кезінде алдын алу, анықтау және педагогикалық коррекциялау мақсатында 2016 жылы Теміртау қаласында облыстық психологиялық медико-педагогикалық кеңес ашылды. Ол жақын орналасқан аудандардағы 65 мың балаға қызмет көрсетеді.
«Отбасындағы – бақытты балалық шақ» және «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобалары арқылы жетім балаларды отбасылық тәрбиеге беру ісі жалғасуда. Соңғы екі жылда балалар үйлерінің 185 тәрбиеленушісі баланы асырап алушы отбасыларға берілді. Өткен жылы патронаттық тәрбиеге 48 бала берілді.
Білікті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру үшін колледждер базасында республикалық оқу орталықтары, экономиканың негізгі салалары бойынша оқу орталықтары жұмыс істейді.
Теміртау политехникалық колледжі базасында құрылған заманауи халықаралық орталығын ерекше атап өту қажет. Көлік және коммуникация салаларына қажетті білікті кадрларды даярлайтын орталық немістің Evonik компаниясының және Белоруссияның республикалық кәсіби білім беру институтының қатысуымен құрылды.
Дуальді білім беруді жүзеге асыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Колледждер түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші – 78%. Дуальді білім беру жүйесін енгізу нәтижесінде, біздің облыс республика бойынша көш бастап келеді.
Облыстың білім беру қарқынды даму үстінде. Елдегі Білім беруді дамытудың ұлттық баяндамасына сәйкес, өңірдің білім беру жүйесі республикадағы үздік үштіктің қатарына енді.
Жұмыспен қамту
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына белсенді әрекет ету облыста жұмыспен қамтудың басты міндеті болып табылады.
Тұрғындарды жұмыспен қамту қызметтері арқылы 60 мың жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, соның ішінде, «Жұмыспен қамтудың жол картасы– 2020» бойынша 21 мыңнан астам қатысушы бар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 620 мектеп, балабақша, аурухана, мәдениет үйі, жолдар мен өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар ауылдарда жөнделді. Жергілікті тұрғындар үшін 5700-ден астам жұмыс орны ашылып, онда Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3016 жұмыссыз жұмысқа орналасты.
Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында есепті жылы Жол картасының 249 қатысушысы кәсіпкерлік негізіне оқытылды, 646 шағын несие берілді, ол несиелер мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, қызмет көрсету аясын дамытуға жұмсалды. Шағын несие алушылар тарапынан 465 жаңа жұмыс орны құрылды.
Оқыту арқылы да жұмыспен орналастыруға әрекет жасалды. Мысалы, Жол картасының 1192 қатысушысы кәсіби оқуға жаңа кәсіптік білім алуға немесе біліктілігін көтеруге бағытталды. Оқуын аяқтаған соң олардың барлығын жұмысқа орналастыруға жұмыс берушілермен әлеуметтік келісімшарттар жасауға сәйкес көмек берілді.
1021 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Жастар тәжірибесінен кейін кәсіби оқу орындарының 764 түлегі тұрақты жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығындағы белсенді саясаттың жүргізілуінің нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі тұрақты және экономикалық белсенді тұрғындардың 4,9 пайызын құрайды.
Облыста белсенді жүргізілген жұмыстың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың санын үштен бірге азайту мүмкін болды. Бүгінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ұйымының есебінде 638 аз қамтамасыз етілген отбасы немесе 2550 адам бар.
Биылғы, 2017 жылы Тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспар аясында жұмыспен қамту шараларымен 40 мың адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде, 28 мың жұмыссыздарды жұмыспен қамту, 728 адамды әлеуметтік жұмыспен қамту, 774 адам жастар тәжірибесімен, 6608 адамды қоғамдық жұмысқа тарту бар.
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 592 жұмыс орны құрылатын 24 инфрақұрылым жобасын іске асыру көзделуде. 840 шағын несие беріліп, қысқа мерзімді оқумен 1268 адам қамтылады.
Жастар саясаты
Облыстағы 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 304 мың адам, бұл жалпы тұрғындар санының 22 пайызы.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жастардың мүдделеріне қатысты мемлекеттік және аумақты бағдарламаларды, студенттік құрылыс, «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағының, балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделу қызметін белсенді түсіндіру жастар тәжірибесінің негізгі бағыттарының бірі – жастардың жұмысқа орналасуы мен қамтылуын іске асыруға ықпал етеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,8 пайыз көлемінде күтілуде (2015 жылы – 5,0 пайыз). 26 мың жас жұмысқа орналастырылды. «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыру барысында ауылға 99 жас маман тартылды.
Жетім балаларды баспанамен қамту, оларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері үнемі бақылауда. 2014 жылдан 2016 жыл аралығында аталған санаттағы жастарға 316 пәтер берілді. Сондай-ақ, өткен жылы жалға берілетін баспанамен 144 жас отбасы қамтылды.
Биылғы жылы осы бағытта жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту мақсатында жұмысты күшейту жоспарлануда. Халықаралық көрме «ЭКСПО – 2017» көрмесін қолдауда және басқа да атаулы оқиғаларға облыс жастары арасында жұмыс ұйымдастыру көзделуде.
Мәдениет
2016 жыл жарқын тарихи оқиғаларға толы болды: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қарағанды облысының 80 жылдығы, «Алаш» партиясының көшбасшысы, атақты мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150-жылдығы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Астана қаласында «Қуатты өңірлер – Қуатты Қазақстан» шарасы аясында кәсіби әртістер мен облыстың көркем өнерпаздарының қатысуымен Қарағанды облысының күндері өтті.
Облыста мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында 2016 жылы «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымның атақты күйші Тәттімбеттің 200 – жылдығын тойлауына орай С.Сейфуллин атындағы театр мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің Түркияда гастролі өтті.
Мәдени байланыстарды орнату шеңберінде Қарағанды симфониялық оркестрінің Сицьзянзин округінің қалаларында гастрольдері болды.
2017 жыл да айтулы, мерейтойлы шараларға толы. Атап айтқанда, Қазыбек бидің 350-жылдығы, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының 85-жылдығы, Қарағанды облысы мұрағаттық қызметінің 80-жылдығы. Жыл сайынғы дәстүрлі «Әуенді Сарыарқа» және «ДосStar» халықаралық фестивальдері жақын және алыс шетел әртістерінің қатысуымен өткізіледі.
Тілдерді дамыту
Облыста мемлекеттік тіл саясаты және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс мақсатты жүргізілуде.
2016 жылы мемлекеттік тілге оқыту курсынан 1796 адам, ағылшын тіліне – 894 адам өтті.
Мемлекеттік тілмен қатар, көптілділікке де баса назар аударылуда.
Тілдерді дамыту бойынша, үштілділікті ілгерілету бағытында бірқатар шаралар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 150-жылдығы аясында «Тарих кеңістігіндегі тілдерді дамытудың өзектілігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» мүшәйрасы, жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің Ақселеу Сейдімбек атындағы әдеби-шығармашылық байқауы өткізілді.
Өткен жылғы әлеуметтік зерттеудің нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді түрлі деңгейде – 74 пайызы, 91 пайызы – орыс тілін, 6 пайызы – ағылшын тілін, үш тілді – 4,5 пайызы меңгергенін көрсетті.
Спорт
Мемлекеттік саясаттың спорт саласындағы басым бағыттарының бірі тұрғындарды денешынықтыру-спорттық тәрбиелеуде жалпыұлттық жүйені қалыптастыру болып табылады. Мұнда басты нысана – бұқаралық спорттың дамуы және жоғары сыныпты спортшыларды дайындау.
2016 жылы облыстың 41 мыңнан астам спортшысы түрлі деңгейдегі 749 байқауға қатысқан, оның ішінде 217-сі халықаралық. Спортшылардың байқауларға қатысуының қорытындысы бойынша 9 мыңнан астам түрлі медаль иеленген, олардың үштен бірі жоғары белгідегі медальдар.
2016 жылдың атаулы додасы – Рио-де-Жанейрода өткен 31-інші Жазғы Олимпиада ойындарында – спортшымыз Эльмира Сыздықова әйелдер күресінде қола медальді иеленді.
Спорт және саламатты өмір салты облыс тұрғындарының көпшілігін барған сайын тарта түсуде. Мәселен, дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың саны 29,5 пайызға артқан. Бұған спорттық-бұқаралық шаралардың өтуі де өз үлесін қосуда, былтырғы жылы мұндай шараларға 400 мыңнан астам адам қатысқан.
Спорттық инфрақұрылым нысандарының саны да артып келеді. 2016 жылы Қарағанды, Шахтинск қалаларында және Жаңаарқа ауданы Түгескен ауылында жеке меншік инвестиция есебінен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сондай-ақ, Ұлытау ауылында бюджет есебінен ДСК пайдалануға берілді.
Облыста 14 спорт алаңы және көп салалы 5 хоккей корты орнатылды.
Тұрғындарға дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің аясын кеңейту үшін стадиондар мен саябақтар аумағында көше тренажерлары Қарағанды, Қаражалда, Шет және Ұлытау аудандарында орнатылды.
Спорт саласындағы белсенді жұмыс жүргізілуінің бір көрсеткіші Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға біздің 11 спортшымыздың 4 қысқы спорт түрі (конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, биатлон, шайбалы хоккей) бойынша қатысуы.
– 2017 жылы жоспарда барлық жастағы спортпен айналысатын тұрғындардың санын 30 пайызға дейін ұлғайту;
– балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 14,9 пайызға дейін жеткізу;
– облыс спортшыларының халықаралық және республикалық байқауларға дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету: 28 Қысқы Универсиада (Алматы, Қазақстан); 8 қысқы Азия ойындары (Саппаро, Жапония); 29 Жазғы Универсиада (Тайпей, Тайвань); Жасөспірімдердің Азия ойындары (Джакарта): жабық ғимараттардағы Азия ойындары (Ашхабад, Түркіменстан); Дүниежүзілік ойындар (Польша, Вроцлов); Қазақстан Республикасының қысқы Спартакиадасы; 4-ші Жазғы Қазақстан Республикасының Жастар спорттық ойындары.
Мемлекеттік қызмет
көрсету
2016 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзыреттілігіне кіретін жалпы 5,7 млн.теңгенің қызметі көрсетілді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді кеңейтуде жұмыстар атқарылуда. Мәселен, электронды формадағы қызметтердің жартысынан астамы дәрігерлердің қабылдауына және дәрігерді үйге шақыруға жазылу бойынша.
Сонымен қатар, «Электронды үкімет» бастамасына біршама көңіл бөлінген. Бүтіндей алғанда, электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер барынша сұранысты иеленіп келеді. 2015 жылмен салыстырғанда олардың кең қолданылуы 96 есеге артқан.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұдан әрі де жалғасты болады.
Құқықтық тәртіп
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары- 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» реформасында қойылған міндеттерді орындай отырып, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және қылмыстық құқық бұзушылықты ашу бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.
Қарағанды облысының қылмыстық ахуалы тұрақты болып отыр.
Қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеуде 8,4 пайызға төмендеуге қол жеткізілді. Бопсалауға байланысты қылмыстар саны (-52,1 пайыз), бұзақылық (-39,3 пайыз), қарақшылық (-26,5 пайыз), зорлық (-22,5 пайыз) қысқарды.
Жергілікті полиция қызметі құрылып, табысты қызмет етуде. Жергілікті атқарушы органдармен оның ынтымақтастығының тәртібі анықталған. Жергілікті полиция қызметінің индикаторлары дайындалды, жергілікті атқарушы органдар басшыларының түпкілікті нәтижеге қол жеткізуде жауаптылығы анықталды.
Учаске полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру қайта қарастырылды, тұрғындар алдындағы есептілігі енгізілді. Жеке алдын алу шаралары күшейтілді.
Мемлекет басшысы тапсырмасына орай ішкі істер органдардың материалдық-техникалық базаларын нығайту шаралары қолданылды, автокөлік, арнайы және ұйымдастыру техникасы алынды. Жалпы сомасы 301,2 млн.теңге.
Биыл Қарағанды қаласындағы Киров полиция бөлімі ғимаратының құрылысы жалғасады, тағы екі құқықтық тәртіп нысанының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар жасалуда (Қарағанды және Теміртау қалаларындағы учаскелік полиция пунктері). Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 млрд.теңге қарастырылған.
Қазақстан халқы
Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің даму жылдарында біздің ұлттық аса маңызды жалпыазаматтық институтқа айналды. Қазақстан ұлтаралық қақтығыстардан азат аумақ болды. Ұлтаралық тыныштық пен түсіністік арқасында экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар табысты жүзеге асты.
Жалпы Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 75 ұлттық мәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіреді. Онда 40 ұлттың өкілдері өзара қарым-қатынаста.
Бүгінде облыста 41 ұлттық мәдени бірлестіктер жанында ұлттық тілдік сыныптар әрекет етеді, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өз халқының тілі мен мәдениет үйрену мүмкіндігі бар. Жүзден астам ұлттық мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымы табысты еңбек етуде. Олар облыстық және республикалық шараларға белсенді қатысады.
Ұлтаралық келісімде ұлттық мәдени бірлестіктерден күшеюінде азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынастың кеңеюіне баса назар аударылады. Айталық, облыста Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобы табысты еңбек етуде.
Облыста ұлттық мәдени бірлестіктердегі жастардың өкілдерімен қазақстандық отансүйгіштікті, азаматтық бейбіт әлемді насихаттауға бағытталған акциялар, форумдар, байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Ішкі саясат
Ішкі саясат саласында өткізіліп отырған кешендік шаралар 2016 жылы ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталды.
Жыл барысында мемлекеттік ұйымдардың мемлекеттік емес секторлармен, саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.
Облыс басшылығы БАҚ беттерінде және экрандарда жария етілген қоғамдық пікірге назар салып, құлақ түреді. Медиа кеңістікте атқарушы билік тарапына айтылған сынға ерекше көңіл бөледі. Есепті кезеңде БАҚ-та жарияланған сыни мәселелерге қатысты 112 тапсырма берілді.
Айтылғандарды қорытындылай келе, жергілікті атқарушы органның өткен жылғы жұмысы жерлестеріміздің тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына бағытталғанын атап өту керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы өтті, біз алғашқы қорытынды шығардық – атқарылған шаруа қыруар, бірақ алдымызда Мемлекет басшысы қойған жауапты міндеттер күтіп тұр.
2017 жылы біздің жұмысымыз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары» басымдықтар бойынша анықталады. Президент «Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік» деп атап айтқандай, біз бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуіміз керек.
Әлем үлкен өзгерістердің табалдырығында тұр. Біздің еліміз осы үрдістің бөлігіне айналды. Қарағанды облысы еліміздің индустриалды тірегі ретінде Қазақстанның жаңғыруына және саяси жүйесіне, оның экономикасына және әлеуметтік бағдарламаларына белсенді түрде ықпал ететін боламыз. Атқарушы билік ҚР Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыруда бар күш-жігерін жұмылдырады, сондай-ақ, облыс тұрғындары да уақыт талап еткен қайта түлеуге белсенді қатысарына сенімдімін.